СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік

Задание:

Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, екі тұжырымның біреуіне пікір
білдіріңіз.
1-тұжырым. Қоғам дамуы үшін адамдар әлеуметтік жікке бөліну қажет.
2-тұжырым. Әлеуметтік теңсіздік — қоғамның дамымағандығының көрсеткіші.
Сөздер мен сөз тіркестері: табыс табу, тұтынушы себеті , тең құқылы, жүгіну, лауазым,
кәсіби шеберлік, тамыр-таныс, жәрдемақы, мүгедек, қысқару, қымбаттау , шағын бизнес,
мүмкіндігі шектеулі, қабілет, уәждеме, баспана , дағдарыс, қолдан келу, мұқтаж,
тұрақсыздық, қорғансыздық

Решение:

Қоғам дамуы үшін адамдар әлеуметтік жікке бөліну қажет.

Әлеуметтік жіктеу — қоғамды қоғамдық дәрежесі арқылы ерекшеленетін әртүрлі әлеуметтік жіктерғе бөлшектеу нәтижесі және процесі. Әлеуметтік жіктеу қоғам мүшелерінің және қоғамдық топтардың әлеуметтік жағдайларының бірдей еместігінің, олардың әлеуметтік теңсіздігінің көрінісі. Қоғамды қабаттарға жіктеудің жолдары әртүрлі, субъективті әрі объективті болып келеді. Әдетте кәсіп, мамандық, табысы, білімі, дәрежесі, өзінің әлеуметтік жағдайын бағалауы негізге алынады. Әлеуметта- нушылар Әлеуметтік жіктеу мәселесін әртүрлі тәсіл- дер арқылы анықтайды, дегенмен ортақ белғілерін табуға болады: Әлеуметтік жіктеу — бұл иерархиялық тұрғыдағы жаңғыртылатын, жаңаратын қоғамның табиғи және әлеуметтік жіктелуі. Әлеуметтік жіктеу теориясын өндеуде П.А.Сорокиннің еңбегі зор. Ол: «қоғам ешқашанда біркелкі бола алмайды, болмайды да, ол қашан да жіктеледі», — деді. Әлеуметтік жіктеу теориясын жасауда әлеуметганушы-функционалистер Т.Парсонс пен Э.Шилз үлкен үлес қосты.

Әлеуметтік стратификация — қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамның әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып өткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Страта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:

  • касталар;
  • сословиелер;
  • таптар.

Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек. Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған. Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған. «Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды. Тек кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды.

Қазіргі заманғы қоғам – бұл индустриялық қоғам. Қоғам модернизациясы оның ең алдымен индустрияландырылуын білдіреді. Қазіргі заманғы қоғамның тарихи пайда болуы өнеркәсіптің тууымен тығыз байланысты. Осы заманғы өзгерістердің бәрі осыдан екі жүз жыл бұрын басталған индустриялық қоғам типіне тән. Дегенмен, «индустрияландыру» және «индустриялық қоғам» терминдері тек экономикалық және технологиялық мағынаға ғана ие емес. Индустрияландыру – өте терең экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өзгерістерді қамтитын өмір салты. Қоғам дәл осы жан-жақты индустриялық трансформация үдерісінде заманауи бола түседі.

Модернизация – үздіксіз және шет-шегі жоқ үдеріс. Модернизацияның тарихи кезеңдері жүздеген жылдарға созылуы да, тіпті, жедел түрде өтуі де мүмкін. Кез-келген жағдайда модернизация – қол жеткен нәтиже. Қоғамның дамуы әркезде біркелкі және біртекті болған емес. Даму деңгейі қандай болса да, қоғамда әрдайым «артта қалған» аймақтар мен «перифериялық» топтар міндетті түрде болады. Олар үнемі шиеленіс пен қайшылық көзін құрайды. Бұл бір мемлекетішілік жағдайға ғана емес, бүкіләлемдік ауқымда да солай. Даму деңгейі әртүрлі елдердің болуы әлемдік жүйеге тұрақсыздық аухалын орнатады.