СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Экология. Мұнай және атомдық индустрия

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Экология. Мұнай және атомдық индустрия

Задание:

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі кестені толтырыңыз.
Тыңдалым мәтіні
Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиеленісе түсуде. Оның
көптеген себептері бар. Негізгі факторлар көбінесе адамның іс-әрекетінен туындап отыр.
Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтықты көтермейді. Өз кезегінде табиғат та адамның
жіберген қателіктеріне жауап ретінде экологиялық апаттарды «сыйға» тартады. Мысалы,
қоршаған ортаның химиялық ластануынан жер шарында «жылу эффектісі», «озон тесігі»,
«қышқыл жаңбырлар», «фотохимиялық у түтін» сияқты дүниежүзілік экологиялық мәселелер
жиі байқалып отыр. Аталған апатты құбылыстар бүкіл ғаламшардың ырғақты тепе-теңдігін
бұзып, дүниежүзілік климаттың өзгеру қаупін туғызуда. Ол соңғы жылдары жиі болып
отырған қуаңшылық, шөлейттену, құрлықтағы су айдындарының тартылуынан байқалады.
Мысалы, адам Қарабұғаз көлді Каспий теңізінен топырақ қамалы арқылы бөліп, теңіз
деңгейінің төмендеуін тоқтатқысы келді. Алайда құрғап қалған шығанақтың айналадағы
ортаға, жалпы шаруашылық салаларына зиян келтіретіні ескерілмеді. Кейіннен, 25-30 жыл
өткен соң Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі шығанақпен байланысты еместігі, оның жердің
эволюциялық даму заңына тәуелді екені айқындалды. Ғасырлық геологиялық айналымға
сәйкес әр 60-80 жыл сайын теңіз деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі табиғат заңы болатын.
Ал құрғап қалған шығанақ түбінен атмосфераға жыл сайын 120-140 млн т. натрий
сульфатының тозаңы көтеріліп, тек Түрікменстан мен Қазакстан ғана емес, сондай-ақ Ресей,
Кавказ, Орта Азия, Түркия, Иран, Қытай, Моңғолия мен Еуропаның бірқатар елдері химиялық
ластанып отыр. Әсіресе, Қазақстанға үлкен экономикалық зиян келтіріп, соның салдарынан
егіннің түсімділігі мен мал шаруашылығының өнімділігі төмендеп, халық арасында түрлі
аурулар көбейіп кетті. Каспий теңізінің деңгейі қайта көтеріліп, жағалауды су баса бастады.
Кейін топырақ қамал алынып, теңіз суы шығанаққа жіберілді.
Қазақстандағы басқа да өзен-көлдердің экологиялық жағдайы жақсы емес. Әсіресе, Ертіс,
Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Нұра, Тобыл, Көксу өзендері өндіріс қалдықтары мен тұрмыстық
лас сулар, ауыр металдар, химиялық зиянды заттармен ластануда. Ал Каспий теңізінің мұнай
өнімдерінен ластанғаны сонша, судағы балықтар мен жағалаудағы құстардың, итбалықтардың
жаппай қырылып қалу фактілері жиі кездеседі. Елімізде су айдындары мәселелерімен қатар
топырақтың құнарсыздануы, шөлейттену, жайылымдардың, табиғат ландшафтыларының
өзгеруі табиғи ортаға зиянын келтіруде.
https://topreferat.com.kz/ekologiya/11980-dynie-zhyzindegi-zhane-qazaqstandaghy-qazirgiekologiyalyk-maseleler.htm

Решение:

1.Автор позициясы:Қоршаған ортаны қолдан келгенше аялауға шақырады.

2.Автор неліктен осы мәселені көтерді:Бұл мәселе қазіргі таңда өзекті болып келеді.Адамзат баласының шектен тыс табиғатқа кері әсерін тигізіп жатқаны рас.Соның шешу жолдарын көрсету мақсатында көтеріп отырғаны анық.

3.Оқырманға әсер ету үшін автор қандай тәсілді қолданды:Автор нақты қоғамда орын алып жатқан табиғи апаттарды,табиғат әлемінің құрып бара жатқанын көрсетті.Сол арқылы оқырман қауымның санасына жетеді деген үлкен үмітті арқау етті.

4.Мәтіннің негізгі идеясы:Табиғат тіршіліктің  құт — берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында.  Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп-өніп, жетілген. Табиғат — ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Қазіргі табиғаттың ластануы үлкен — мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат-сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда соның салдарынан адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. «Бір тал кессең, он тал ек», «Жер құтты болса, мал сүтті болады»-демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті,  ауру тудырушы бактерияларды  жоюшы тал, жасыл желек.  Егер осы мәселе қаралмай қала берсе төңірек ластанып кетеді.  Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты ластамай қорғауымыз керек.