СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Экология. Мұнай және атомдық индустрия

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Экология. Мұнай және атомдық индустрия

Задание:

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыздар.
Табиғаттың ластануы дегеніміз – біз оған тән емес әрекеттердің салдарынан қоршаған
ортадағы химиялық, физикалық, биологиялық концентрацияның артуы және қолайсыз
әсерлердің туындауы. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, ағзаға қажет заттың
оптималды консентрациядан артық болуы да жатады. Ластануды жүйенің тепе-теңдігін
бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әртүрлі белгілер бойынша
жіктеледі.
Шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді):
Пайда болу көзіне байланысты: өндірістік, ауылшаруашылық, транспорттық, нысандық
(мысалы, өнеркәсіп орны), трансгрессивтік (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін).
Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады: қоршаған
ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Өндірілетін
ресурстардың тек 2-3% ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос
жыныс, шлактар және т.б).
Судың ластануы. Судың барлық санаттары: мұхит, құрлық және жерасты сулары
ластануға әртүрлі дәрежеде ұшырайды. Бірінші реттік судың ластануы су қоймаларына
әртүрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші
ретті ластаушылардың әртүрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы
заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы
химикаттар және т.б заттар жатады. Ластаушы заттардың басым көпшілігін атмосфералық
жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен,
өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су таранспорттарымен ластану үлесі де жоғары.
Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде
ластанбаған тұщы су көзі жоқ деуге болады. Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі –
радиациялық ластану болып қалып отыр. Қазақстан территориясында қуатты ядролық
сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Олар еліміздің территориясының біраз бөлігінің
радиациялық ластануына әкелді. Қазақстан территориясындағы радиациялық ластану
себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың
салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғламдық
жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жерасты ядролық
жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.
1. Мәтіннен күрделі сөздерді тауып, жасалу жолына қарай бағандарға жіктеп жаз

2. Мәтіндегі күрделі сөздерді қолданып, «Табиғаттың ластануы – қоғам мәселесі»
тақырыбында өз ойыңызды білдіріңіз.

Решение:

1.Біріккен сөздер:өндірістік,ауылшаруашылық, транспорттық,трансгрессивтік,тыңайтқыштар,өнеркәсіп,таранспорттар,радиоактивті;

2.Қос сөздер:тепе-теңдігін,жауын-шашын;

3.Тіркесті сөздер:қоршаған орта,кез келген,өндірілетін ресурстар,судың ластануы,ядролық полигон,ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар;

4.Қысқарған сөздер:-

2.Табиғат пен адам – біртұтас. Адамзат планетаның экологиясына назар аударуы керек. Көлік құралдары ауаны зиянды газдармен ластайды. Көптеген мұнай қалдықтары, су қоймаларына тасталуда. Бұл қалдықтар – өсімдіктер, жабайы аңдар, балықтар мен құстардың өліміне әкеліп жатыр. Бұның басты себепкері – адамдар. Экожүйені бұзу – өз үйімізді бұзғанмен бірдей. Қоршаған ортаға қамқорлық пен сүйісепншілік қажет. Сонда ғана, адам табиғатпен үйлесімді өмір сүре алады. Табиғат – біздің асыраушымыз, олсыз адамзат өмір сүре алмас еді. Бұрынғы заманда, адамдар табиғатты құрметтеген және оған зиян тигізбеген. Ерлер – аңшылықпен және балық аулаумен айналысқан, ал әйелдер жидектерді, саңырауқұлақтар мен шөптерді терген. Бұл үйлесімділік, өнеркәсіп пайда болғаннан кейін бұзылды. Зауыттардың саны көбейіп, экологияға үлкен залал келтірілді. Қазіргі уақытта, табиғат токсиндерден тұңшығып жатыр деп айтуға болады. Көптеген жануарлардың жойылып кетуі мүмкін, ал ормандар аяусыз кесілуде. Планетамызға экологиялық апат қаупі жақындап келеді. Сондықтан, нәзік табиғатымызға мейірімді болайық! Табиғаттың көмегімен жаратылған әлем, бірнеше миллиард жыл бұрын пайда болып, сансыз тіршілік иелеріне өмір сыйлады. Біз оның маңызды бөлігіміз, мұңы ешқашан ұмытпауымыз керек. Өкінішке орай, қоршаған ортаның ластануы және жануарлар санының азаюы – адамның іс-әрекетінен туындаған. Егер табиғатты қорғауға барлығымыз үлес қосатын болсақ, онда планетамыздағы өсімдік пен жануарлардың алуан түрін сақтап қаламыз. Менің ойымша, қоршаған ортаны қорғау әр адамның  міндеті. Барлық тіршілік иелері, соның ішінде адамдар да, табиғат деп аталатын үлкен үйдің шаңырағында өмір сүреді. Ол – біздің алтын  бесігіміз. Бірақ, адамдардың кесірінен, біздің ғаламшарға экологиялық апат қаупі төңіп тұр. Сондықтан әрбір адам, табиғатты сақтап қалу үшін әрекет жасауы керек. Ешқашан жерге қоқыс тастамаңыз. Оны мұқият орап, қоқыс жинайтын арнайы орындарға апарыңыз. Гүлдер мен жапырақтарды жұлмаңыз, өйткені, өсімдіктер ауаны тазартады. Жазғы күндері пикникке шықсаңыз, міндетті түрде отты сөңдіріп кетіңіз. Себебі, орман өртеніп кетуі мүмкін. Біз табиғатқа қамқорлықпен қарауымыз керек.