СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Экология. Мұнай және атомдық индустрия

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Экология. Мұнай және атомдық индустрия

Задание:

«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» тақырыбында
презентация әзірлеңіз (3 слайд). Ол үшін:
1) Тақырып бойынша презентацияның жоспарын құрыңыз.
2) Тақырып бойынша негізгі және қосымша ақпараттарды әртүрлі дереккөздерден
іріктеңіз.
3) Дереккөздердің сілтемелерін көрсетіңіз.
4) Презентацияңызды таныстырыңыз.

Решение:

Адам – табиғаттың кішкене ғана бір бөлшегі. Айналамыздағы барлық тіршілік иесінің жалғыз үйі – Жер ғаламшары. Біз өмірлік қажеттіліктерімізді табиғат анадан аламыз. Тіршілік үшін қажетті негізгі факторлар ауа мен су болып табылады. Ауасыз ешбір нәрсе тіршілік ете алмайды, ал су – тіршілік көзі. Қоршаған ортамыздағы барлық нәрсе өмір сүруімізге көмек береді.
Табиғат – адамзаттың үйі. Қарапайым мысал келтірсем, өзіміздің жеке баспанамызды алайық. Қаңыраған қабырғалар, ауыз сусыз тіршілік, қолқаны алатын жағымсыз иіс, күн сәулесі түспейтін қараңғы бөлмелер. Сіз осындай баспанада тұра алар ма едіңіз? Жоқ, әрине. Осындай үйде ешбірі тұра алмас еді. Табиғат та қарапайым баспана секілді ғой. Қара түтін араласқан ауа, құнарсыз топырақ, ластанған өзен-көлдер, кесілген ормандар, қырылған аңдар. Табиғат осындай болуы керек пе? Табиғаттың осындай сұрықсыз кейіпке енгені ешқандай дұрыс емес.
Қоршаған ортамызды бейберекет ластап, қайта қалпына келтіруден қарағанда, бұндай жағдайға түсуіне жол бермеуіміз керек. Қазақта айтады ғой «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп. Тап бір осы мақал экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Жалпы адам баласы өмір сүру үшін табиғатты пайдаланады. Судың да сұрауы бар емес пе? Пайдалануды білетін адам, сол дүниенің қайтарымын қайтаруы тиіс қой.
Табиғатты қорғау – тек экологтар ғана үшін емес, баршамызға міндет. Ол үшін қарапайым дүниелерді әдетке айналдырған дұрыс. Айналамызға қоқыс тастамай жүрсек болғаны. Жан қинарлық дүние емес қой. Табиғаттың таза әрі көркем болуы адамзаттың жақсы өмір сүруіне кепіл бола алады. Қандай болғанда да, адам баласы табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат – тіршіліктің тал бесігі, hәм өмір сүру ортасы.

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу – бағзы заманнан бергі ата салтымыз. «Жер шоқтығы — Көкшетау», «Жер жаннаты — Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау — біздің міндетіміз.

Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

Талай ақын жыршы ағаларымыз табиғатты өлең жырларына арқау етіп, жырлап өткен. Солардың біреуімен өз ойымды тәмамдағым келеді:

Табиғатта сезім де, құлақ та бар,

Ренжітсең қайғырып жылап та алар.

Аяласаң жаныңа шуақ тамар,

Қажығанда бойыңа қуат тамар. — демек, менің құрметті құрдастарым, табиғатты аялайық! Қолымыздан келгенше келер ұрпаққа табиғаттың әсемдігін сақтап қалайық!