СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Тіл. Өнер. Әдебиет

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Тіл. Өнер. Әдебиет

Задание:

Мәтінді мұқият тыңдап, берілген графикалық органайзердің ортасына мәтіннің негізгі
идеясын және реттік санмен белгіленген жерге негізгі ақпаратты жүйелеп жазыңыз
Тыңдалым мәтіні
Қазақ киносының алтын ғасыры саналатын 60 жылдар бiздiң кино тарихымызға
қайталанбас, құнды туындыларды алып келдi десек артық емес.
Әрине, “Қыз Жiбек” те, “Менiң атым Қожа” фильмi де – классикалық дүниелер.
“Мұндай классиканы дүниеге әкелу жүз жылда бiр-ақ жүзеге асады,” — дейдi кейбiр
мамандар. Жарайды, классикалық дүние тудыру қиын делiк, бiрақ сарабдал оқырманның
көңiлiнен шығар жақсы туынды соңғы он жылда дүниеге келдi деп сенiммен айта аламыз
ба?
Бiр кездерi кино өнерiнiң майталмандарының бiрi Мәжит Бегалин: “Мен фильмдi
өзiмнiң қазақ көрермендерiм үшiн түсiрем. Ең әуелi менiң фильмiмдi өз елiм қабылдауы
керек. Содан кейiн өзге елдер мойындасын,” — деген пiкiр айтыпты. Соған қарағанда,
қазақы көрерменге ұнамаған фильмнiң өзге елде неше жерден жоғары атақ алса да, бiр
тиындық құны болмайтынын режиссер жақсы түсiнiп отыр. Сондықтан қазақ киносы
қазақ көрерменi үшiн түсiрiлуi қажет және әуелгi бағаны да беретiн қазақ көрермені.
“Сатайфильм” ұсынған “Рэкетир“, “Ағайынды” немесе “Адасқандар” фильмiн көпшiлiк
жылы қабылдады. Қазақ өмiрiнiң сұрқай тiршiлiгi емес, бүгiнгi қоғамның кейбiр келеңсiз
әрекеттерi бейнеленген фильмдер қазақ көрерменiнiң сұранысына ие болды. Демек қазақ
режиссерлерi жақсы фильм түсiре алады екен.
Елбасымыз “Қазақфильмге” келген сапарында қазақ киносы жастарымызды
отансүйгiштiкке, ұлтты сүюге тәрбиелеу керек дегендi қадап айтып едi. Келешек
түсiрiлетiн қазақ киносының да өн бойында ұлттық рух, патриотизм болуы шарт. Сонда
ғана, бiз кино арқылы өзiмiздi өзiмiз тәрбиелей аламыз. Қазақты ұлт ретiнде сақтаудың да
алғышарты қазақ киносында жатыр. Қазақ киносын түсiретiн режиссерлерiмiз де әуелi
осыны ескергенi ләзiм.
https://turkystan.kz/article/52125-aza-kinosy-zhe-ister-men-zhe-ilister

Решение:

Негізгі идеясы:Қазақ киносының алтын ғасыры

1.Кино тарихы

2.Бұрын түсірілген құнды дүниелер

3.Қазіргі таңдағы өзекті мәселе

4.Мәжит Бегалин атты режиссердің пікірі

5.Қазақ көрермендерінің пікірінің маңыздылығы

6.Елбасымыздың қазақ киносы жастарымызды
отансүйгiштiкке, ұлтты сүюге тәрбиелеу керек деген насихат айтуы.