СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Тіл. Өнер. Әдебиет

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Тіл. Өнер. Әдебиет

Задание:

«Сен – маған, мен – саған» әдісі арқылы тапсырманы жұбыңызбен орындаңыз.
1) Жұпта мәтінді оқыңыз.
2) «А» оқушы мәтіннен күрделі сөздерді тауып, астын сызыңыз.
3) «Ә» оқушы мәтіннен термин сөздерді тауып, астын сызыңыз.
4) Жұпта өзара күрделі сөз бен термин сөздің жасалу жолы мен қолданылу мақсатын
талқылаңыздар. Мысал келтірініздер.
Әдебиет пен өнерге лайықты қолдау
Еліміздің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 қаңтарда өзінің
Алматыдағы резиденциясында әдебиет және өнер қайраткерлеріне президенттік және
мемлекеттік стипендияларды тапсырды. Рәсімге Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары,
жазушылар, ақындар, әртістер, суретшілер, музыканттар, Қазақстанның мәдениетіне
еңбек сіңірген қайраткерлер қатысты.
Мемлекет басшысы шығармашыл және мәдениет интеллигенциясы өкілдерін
стипендияға ие болуларымен құттықтай отырып, стипендиаттар құрамы қоғамның көп
ұлтты құрылымын көрсететінін атап өтті.
– Мен әрдайым біздің қоғамда мәдениетті дамыту мен жоғары руханилықты
нығайту мәселесін экономикалық өсу және халықтың әл-ауқатын арттыру тәрізді маңызды
фактор ретінде санап келдім және солай деп санаймын. Тәуелсіздік жылдары ішінде
мемлекет мәдениетті дамытуға жете мән берді. Жалдан жылға мемлекеттің мәдениет
саласына бөлетін қаржысы артып келеді, – деді.
Н. Назарбаев еліміз өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанына тоқталды. –
«Қазақстан-2030» Стратегиясының басты мақсаттарын мерзімінен бұрын іске асырып, біз
2050 жылға дейінгі жаңа Стратегияны қабылдадық. Бұл қандай да бір қиял немесе
мемлекеттік жоспар емес, біз қазақстандықтардың болашақ ұрпағына жол көрсеттік
және Қазақстан жүретін бағытты айқындадық. Оны іске асыру бізге осы
жүзжылдықта ең қарқынды ұлттың бірі ретінде нығаюымызға мүмкіндік береді.
Жүзжылдықтың ортасында Қазақстан ғаламшардағы ең дамыған отыз елдің
қатарына кіруді мақсат етіп отыр. Бұл тек экономиканы дамытуға ғана емес, сондай-ақ
мәдениетке, білімге де қатысты, – деді мемлекет басшысы.
Қазақстандық мәдениет жаһандық мәдени мұраның ажырамас бөлігіне айналуға
тиіс. Ол әлемдегі түрлі халықтардың мәдени құндылықтарын қабылдау жүйесінде нақты
танылуы тиіс. Бұл қазіргі заманғы өнер түрлеріне – музыка, театр, кино, әдебиет, сурет
өнері, т.б. қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық мәдениет еліміздің барлық
азаматтары үшін патриотизмнің негізі болуы қажеттігін атап көрсетті.
– Бүгінде шығармаларын қазақ тілінде жазатын қазіргі жазушыларды Қазақстанда
орыс тілді оқырман аз біледі. Бәлкім, аударма саласын дамыту туралы ойластыру қажет
болар. Отандық авторлардың туындылары қазақстандықтардың мақтанышына айналуға
тиіс. Мен бұдан бұрын да өңіраралық мәдениет алмасу туралы айтқанмын. Биылдан
бастап еліміздің өңірлері арасында мәдениет күндері тұрақты өткізілуі тиіс. Қазақстандық
мәдениет пен өнердегі патриоттық, ең алдымен, біздің қоғамда болып жатқан ұлы тарихи
оқиғалардың өзгерістерінен көрініс табуы керек, – деді бірінші президент.

Мемлекет басшысы қазақ тілін латын алфавитіне көшіру отандық мәдениетті
дамытуға орасан зор септігін тигізетінін атап өтті.
Өз сөзінде стипендия иегері, прозашы Қ.Ысқақов мемлекеттің білім беру процесінде
үш тілді меңгеруге көмек көрсетіп отырғанын атап өтті. Ол қазақ тілін латын әрпіне көшіру
қазақстандық қоғамды одан әрі топтастыра түсуге ықпал ететініне тоқталды.

Решение:

2) «А» оқушы мәтіннен күрделі сөздерді тауып, астын сызыңыз.

қайраткерлеріне,лауреаттары,әл-ауқатын,сондай-ақ,өңіраралық;

3) «Ә» оқушы мәтіннен термин сөздерді тауып, астын сызыңыз.

резиденция,интеллигенция,экономикалық,стратегия;