СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Тіл. Өнер. Әдебиет

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Тіл. Өнер. Әдебиет

Задание:

Екі мәтінді оқып, төмендегі кесте бойынша салыстырмалы талдау жасаңыз.
1-мәтін
Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:
– Еліміздің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты мақаласы қазақстандықтардың жандүниесінде рухани сілкініс тудырды. «Біз
ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз
десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем
бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени
жетістіктерімізбен де тануы керек» деген Елбасының парасатты пікірін әрбір қазақстандық
азамат қолдайды деп сенемін.
Елбасы мақаласы қазақ мәдениеті мен өнерінде қуанышты жаңалық болды. Себебі әр
ұлттың, әр мемлекеттің өзінің идеологиясы болады. Идеология әрбір ұлттың дәстүрімен, ата
дәстүрімен, өнерімен, мәдениетімен айшықталатыны баршаға аян. Тарихқа үңілсек, әлемдегі
әрбір ұлт ежелден өзінің өнегелі өнерімен, мәдени мұрасымен, ата дәстүрімен ерекшеленеді.
Сондықтан, мәдениеті мен өнерін сақтап қалу – әрбір халықтың, ұлттың міндеті, асыл
парызы. ХХІ ғасырдағы әлемдік аренада Қазақстанның абыройы ұлтымыздың рухани
болмыс-бітімінен бастау алатын ұлттық құндылықтарымыз, күмбірлеген күйлеріміз, әуелеген
әдемі әндеріміз арқылы асқақтап тұрғаны абзал. Бүгінгі таңда қазақ өнерін күллі әлемге
күмбірлеген күйімізбен, дәстүрлі әнімізбен мойындата аламыз. Астарына үңілсек, қазақтың
шоқтығы биік әрбір күйінде сан ғасырлық тарихы, мұңы мен қуанышы жатқанына көз
жеткіземіз. Қазақтың бір күйінің өзінен тұтас бір спектакль сахналауға болады. Адамды
рухани биіктететін күйдің құдыреті арқылы жас ұрпақтың жүрегінде туған жерге деген
сүйіспеншілік сезімін асқақтатып, ұлтжандылық сезімін жастардың діліне дарытуға болады.
Қазақстан тарихындағы кәсіби тұрғыдағы алғашқы ұлттық өнер ұжымы болып
саналатын Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі
сан ғасырлар жаңғырығы естілетін қазақтың қасиетті күй өнерін дүние жүзіне насихаттауды
өзінің асыл парызы санайды.
Астанада өткен концерттерімізден кейін тыңдармандарымыздың саны айтарлықтай
көбейді деп айтсақ болады. Күйге толы концерттеріміз көңілінен шыққандықтан, көрермен
қауым келесі концерттерімізге әлеуметтік желілерде онлайн билеттерді сатып алып жатыр.
Негізі, осыдан 2-3 жыл бұрын электронды билеттерді сату мәселесі қиындау болатын. Бұрын
бұл жүйені түсінбейтін. ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы концерттерде шетелдіктер
Құрманғазы оркестрінің өнерін өте жоғары бағалады. Шетелдіктерден бұрын, ризашылығын
білдіріп жатқан өзіміздің азаматтарымыз көп. Ал Астанадағы Қазақстан орталық концерт
залында концерт берген кезде шетелдіктер концерт бойы орындарынан тұрып, қошемет
көрсетті. Қазіргі таңда концерттерде 3D, 4D форматындағы әртүрлі жарықтар, LED экрандар
қолданылады. Концерт кезінде соңғы технологияларды пайдалану әрбір шығарманың
мазмұнын, драматургиясын ашуға мүмкіндік береді. Концерттерімізде әртүрлі жарықтар
қойып, оларды мүмкіндігінше ойнатып отырмыз. Елбасымыз «Қазақстан халқының мәдени
менталитетін тәрбиелеуіміз керек» деп айтқан болатын. Ол – бірінші кезектегі маңызды мәселе.
Шетелдегі гастрольдік сапарлар біздің имидждік тұрғымызды насихаттауға септігін
тигізеді. Шетелдерде Құрманғазы оркестрі деген имиджімізді насихаттап жатсақ, бұл
еліміздің абыройын асқақтатады, біздің шығармашылығымызға шабыт береді. АҚШ-та Джон
Кеннеди атындағы концерт залында, Корнеги холлда, Австриядағы Концерт хауста концерт
бердік.
2-мәтін
Күй
Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз,
сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер
халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй — қазақ, қырғыз,
өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып,
күй сөзінің төркіні «көк» деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.
Тарихы
Күй XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңызертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға құрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды.
Онда халықтың басынан өткен тауқымет мен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған
асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Күйдің
мелодиялық-формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы,
Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға,
романтикалық лирикаға негізделген, Тәттімбеттің күйлері әуейі әсем, тәтті мұң мен қоңыр
сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді.
Сипаттамасы
Домбыра күйлері параллельді, терция, секундына автомат арқылы тартылады.
Параллельді кварталар мен квинталар күйге көркем нақыш-бояу берумен қатар оның әуенсаздылығын әсерлей түседі. Күйлердің көлемі әр түрлі болады. Кейбір күйлердің көлемі 150-
ден 200 тактіге (мысалы, Боғданың «Боз төбесі» мен Динаның «Әсем қоңыры», т.б.) дейін
жетеді.
Күй мектептері
Қазақ күйлері өзінің тәсіліне, орындаушылық дәстүрі мен қағыс түріне қарай, негізінен,
екі стильдік мектепке бөлінеді. Біріншісі – екпінді қарқынды, музыкалық жағынан
бағдарламалы симфониялық сипатта шығарылатын күйлер (Жантөренің «Шалқымасы»,
Құрманғазының «Кішкентайы», «Сарыарқасы», Динаның «Бұлбұлы», т.б.), ал екіншісі – терең
философиялық, ой-сырға толы шертпе күйлер (Тәттімбеттің «Сарыжайлауы», «Көкейкесті»
мен «Сылқылдат», Тоқаның «Қосбасары», Сүгірдің «Тоғыз тарауық т.б.). Күйдің идеялықкөркемдік диапазоны кең.
Халық қүйшілері өздерінің шығармаларында адамдарды («Құдаша», «Айжан қыз», т.б.),
жануарларды («Ақсақ құлан», «Боз айғыр», т.б.), құстарды («Аққу», «Қоңыр қаз», т.б.), табиғат
құбылыстарын («Ақ боран», «Көбік шашқан», «Сары өзен», т.б.) суреттейді. Бұдан басқа
күйлер мазмұнына, характеріне қарай тарихи күйлер («Ел айрылған», «Ноғайлының
босқаны», т.б.), лирикалық күйлер («Ақ желең», «Байжұма»), аңыз күйлер («Нар идірген»,
«Қорқыт», т.б.), қаралы күйлер («Салық өлген», «Бозінген», т.б.), арнау күйлер («Абыл»,
«Дайрабай», «Ғазиз», т.б.) сияқты тақырыптарға бөлінеді.
Қағыс арқылы күйдің ырғақтық мәні мен динамикасын, сыр-сипатын анықтайды. Қол
қағыстарында нотаға түспейтін көптеген «сиқырлы» сырлар да бар; олар «жаппай қағыс»,
«кезек қағыс», «шертпе қағыс», «шұбыртпалы қағыс» болып жіқтеледі. Күйдің көпшілігі бір
бөлімшеде сақталған. Көбіне қолданылатыны екі бөлікті жөне төрт бөлікті өлшемдер,
сондай-ақ 3/4, 3/8,5/8,6/8 т.б. музыкалық өлшемдері де болады. Кей кезде ауыспалы
өлшемдер де кездеседі. Қобыз бен сыбызғы күйлері домбыра күйлеріне қарағанда көп
сақталмаған. Қобыз күйлері, негізінен, эпикалық мінезде келсе, сыбызғы күйлері табиғат
көріністері мен хайуанаттар дүниесін суреттеуге жақын, оларда әуен-саздылық басым келеді.

Сыбызғы күйлері өте шағын. Олардың атаулары да көне. Қобыз күйлерінің құрылымы
күрделі болып келеді. Қобыз күйлері Қорқыт Атадан бастау алған. Оның шығармаларын
бізге жеткізген Ықылас болатын.
Қазан төңкерісінен кейін күйлер ансамбльдер мен оркестрлерге арналып қайта өңделіп,
орындалатын болды. Мазмұны мен түр жағынан да жаңара түсті. Күй сарындары қазақ
қомпозиторларының музыкалық туындыларында (опера, балет, симфония, т.б.) бой көрсетәа
келеді.

Решение:

1-мәтін

Құрылымы:Мәтінде негізгі үш бөлімдері толық қамтылған.

Қызметі:оқырманның ойына жеткізе білу.

Мақсатты аудиториясы:Қарапайым халыққа және өзге ұлт өкілдері.

Оқырманға әсері:Өте үлкен әсер қалдырғаны анық.Әсіресе рухани жағынан кеңейіп қалған сияқты.

2-мәтін

Құрылымы:Басты үш бөлімдері жалпы түрде жазылған.

Қызметі: Оқырманның санасына пайдалы дүние түсіндіру.

Мақсатты аудиториясы:Өнер сүйер қауымға тікелей арналған.

Оқырманға әсері:Көптеген өнер саласынан хабары жоқ адамдар біршама керекті дүниелер  біліп қалғаны анық.Сонымен қатар өздерін мәдени жағынан жетілдіре білді.