СОР № 1 Казахская литература 11ЕМН класс Б. Мұқай «Өмірзая» романы

Назад
Казахская литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Б. Мұқай «Өмірзая» романы

Задание:

1. Шығармадағы кейіпкерлердің бейнесін сауалнама парағы арқылы талдау жасаңыз.
1-топ. Аяған бейнесі
2-топ. Алмас бейнесі
3-топ. Жақия бейнесі
4-топ. Алдияр Ақпанұлы бейнесі

Кейіпкер бейнесі арқылы жинақталған образды көрсетіңіз. Өмір шындығымен
байланыстырыңыз.

Решение:

1-топ

Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды.
2-топ

Алмас деген жас жігіт. Ол қабілетті жігіт, әуелде оң жолда болады. Өзінің жолдастарын жалаға береді, ақыр түбінде ұстазына пәле жабады, жалған куәлік жасайды. Желтоқсанға қатысқан барлық таныстарын түрмеге, бұл оқиғаға мүлде араласпаған ұстазын (Аяғанды) өлімге кесіп береді
3-топ

Әдетте, ұнамсыз кейіпкер бейнесін жасау жеңілірек деп есептеледі. Шындығында олай емес. Жамандықтың өлшемі біреу болғанымен, сыр-сипаты сан қилы. Баққожа бейнелеген мансапқор Мұса, жандайшап Жақия, әщады Мақсұт, опасыз Алмас — өзара нақты дараланған, әрқайсысының ішкі жан әлемі терең ашылған, іс-әрекеттері сенімді, қай-қайсы да өмірде бар тірі тұлғалар ретінде көрінеді. Советтік шындық дүниеге әкелген, шебер қалам айна-қатесіз кейіптеп шыққан
4-топ
Романның ой тұрғысынан тиянақтаушы – Алдияр Ақпанұлы деген қарт. Ескінің сарқыты, тарихшы профессор. Атағы алашқа мағлұм адам. Алдияр ақсақал отаршылдық сабағын жақсы біледі, ұлтын жарыққа жетелеу жолындағы күрес құралы – халқының тарихи зердесін ашу деп санайды. Осы орайда Кенесары хан туралы зерттеу жазады. Ресми саясатқа қайшы бұл еңбек халыққа жат деп жарияланып, атақты ғалымның басына қара бұлт орнайды, күштілер тарапынан қудалауға ұшырап, шал ауру болып қалады. Оның түбіне жеткен отарлық саясатының ұраншысы ғана емес, қиын кезде бас сауғалап кеткен шәкіртінің опасыздығы. Ғұлама профессорды оп-оңай құлатқан, институт ректоры Мұса Байларов.