СОР № 1 Казахская литература 11ОГН класс Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Назад
Казахская литература - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Задание:

1. Автор «Өзім туралы» өлеңінде өзін қандай адам ретінде танытады? Шығармадан дәлел
келтіріңіз.
_______________
2. Өлеңде автор өз бейнесін беруде қандай сезім толқындарын көрсетеді? Шығармадан дәлел
келтіріңіз.
______________
3. Оның өмірге деген көзқарасы қай жолдарда айқын көрінеді? Шығармадан дәлел келтіріңіз.
_______________
4. Ақын өз шығармашылығына деген көзқарасы қалай сипатталған? Шығармадан дәлел
келтіріңіз.
_____________

Решение:

1)Аманжол  — Рахымжанның Қасымымын,

Мен қалған бір атаның ғасырымын.

Біреуге жұртта қалған жасығымын,

Біреуге аспандағы асылымын.

Ежелден ерке бұлан Қасым едім,

Бұлқына тасып едім, басып едім.

Жүзім – жаз , көңілім — көктем кең пейілді,

Жақсының жүрегіне ғашық едім.

2)Өзге  емес , өзім айтам өз жайымда,

Жүрегім жалын атқан сөз дайында.

Тереңде  тұнып жатқан дауыл күйді,

Тербетіп, тулатып бір қозғайын да…

3)Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап,

Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ.

Немесе бастармын ба екінші өмір,

Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап.

4)Боламын ақын Қасым әлі де мен,

Өлеңін  бөбегіндей  әлдилеген.

Қанатын қағып жылдам келер жылдар,

Бәрін де қарсы аламын ән – күйменен.