СОР № 1 Казахская литература 11ОГН класс С. Елубай «Жалған дүние» романы
НазадС. Елубай «Жалған дүние» романы
Задание:
Шығармадағы автор бейнесін негізгі идеямен байланыстырыңыз.
1. Шығармада автор қандай өмірлік мәселені көтерген?
___________________
2. Мәселені шешу жолындағы автордың дүниетанымы қандай?
_______________втор кейіпкерлерді сомдауда қандай әдісті (мінезін қимыл-әрекет үстінде таныту, көңіл-күйін, сезім-сырын, ой-арманын, әр алуан психологиялық көңіл күйін суреттеу) көп
қолданған? Мысал келтіріңіз.
______________
__________________________________________________________________________
3. Кейіпкерлерді сомдауынан автордың қандай позиция ұстанғанын байқауға болады?
__________________________________________________________________________
Решение:
1)Қазақтың көрнекті жазушысы С.Елубай, негізінен, реалистік мәнерде жазады. Оның қазіргі қазақ прозасында өзіндік із қалдырған тақырыбы тың, ойы өзекті шығармаларының шоғыры – «Ақ боз үй» трилогиясы. Ол үлкен бір дәуірдің сипатын беретін «Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние» атты жеке кітаптардан тұрады. Трилогия қазақ қоғамының жиырмасыншы жылдардағы аумалы-төкпелі дәуір шындығын: жаппай ашаршылық, елге төнген нәубет, асыра сілтеу, қазақы дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды қирату, одан бергі кезеңдерде жалғасын тапқан заман құқайын, тағдыр тауқыметін шынайы бейнелеп – барлығы біртұтас дүниені құрайды.
2)Бұл туындыны оқыған оқырман одан бұрын жарық көрген «Ақ боз үй» және «Мінәжат» романындағы кейіпкерлердің арғы тағдырларының қалай қалыптасқанына қанық болады. Бір-бірімен жалғасып жатқан бұл үш шығарма қазақ халқының тарихындағы елу жылдық кезеңде орын алған жекелеген оқиғаларды қамтиды. Яғни жанрлық сипаттарына қарағанда, бұлар – трилогиялық романдар. «Ақ боз үйде» өткен ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарына көркем барлау жасалса, «Мінәжат» кейіпкерлердің отыз жетінші жылдың зобалаңы мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тағдырларынан сыр толғайды. Ал «Жалған дүниенің» кейіпкерлері – сол романдарда көрінген басты қаһармандардың ұрпақтары.
3)Қаламгердің жан дүниесінен бастау алған осындай құнарлы ойлардың романда өз жалғасын тапқанына куә боламыз. «Жалған дүние» романындағы Едігенің бойынан автордың өз «мені» мұндалап тұр. Автор адам тағдыры арқылы ғалам сырына, адамзат тағдырына көз тігіп, терең философиялық ой түйеді. Едіге де адамның ғаламның бір бөлшегі екенін жүрегімен сезіне біледі.