СОР № 1 Казахская литература 11ОГН класс С. Елубай «Жалған дүние» романы
НазадС. Елубай «Жалған дүние» романы
Задание:
«Жалған дүниенің» бас кейіпкері Хансұлу тағдыры – қазақтың тағдыры» тақырыбында шағын
эссе жазыңыз. Эсседе шығармада көтерілген ғаламдық тақырыптарға жаңаша көзқараспен сыни
тұрғыдан баға беріңіз.
Решение:
С. Елубай шығармашылығында адам мен табиғаттың терең байланысы танылады. Әрине, ол ондай қасиетке барлық кейіпкерлері бірдей ие емес. Жазушы «Жалған дүние» романындағы қаһармандар туралы: «Хансұлу да, Едіге де ұлттың ана сүтіне жарыған ұлы мен қызы. Ал одан қалғандары мынау заманның, идеологияның құрығына түскен, немесе алданып алжасқан, күнделікті өтпелі қуаныштың құлы болған, тоғышарлыққа белшесінен батқан ұрпақ өкілдері. Кеңестік кеселден айықпаған ол ұрпақ әлі де арамызда жүр» – деп толғанады. Жазушының өзі атап көрсеткеніндей, «ұлттың ана сүтіне жарыған» Хансұлу мен Едіге сияқты қаһармандардың табиғатпен бірлігі тереңде.