СОР № 1 Казахская литература 10ОГН класс Прозадағы көркем ой

Назад
Казахская литература - 10ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Прозадағы көркем ой

Задание:

«Ақбілек» романынан алынған үзіндіден көркемдегіш құралдар мен айшықтауларды
анықтаңыз.
Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан,
сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған, ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі
— алтай жазы тау еркесі — киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің самалына
сайран етіп жатқаны. Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары
қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау құт сорғалап, көнеккөнек лықылдайды; қара саба емізіктеп, қою, салқын, сары қымыз, быжылдаған дәрі қымыз
шара-шара шыпылдайды. Бір шарасын ішкен адам дәл хор қызын құшқандай боп, бегі шиқан
дуылдайды; ауызы қобыз гуілдейді; мас болады, жас болады; жел жетпеске мініп алып, Алтай
тауын дүрсілдетіп, таудың тасын күтірлетіп, көкпар, жарыс, алыс-жұлыс асыр салып жатқаны.
Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. Алтын, күміс, — Алтай кені; алтын сырға
алты қарыс алып түсіп құлақтарын, жүзі Алтайдың айындай боп, көзі құралайындай боп,
күлкісі атқан таңындай боп, бойы Қопа талындай боп, былқ-сылқ етіп бұраңдасып, күлбіресіп,
көлеңдесіп, езу тартса есің кетіп, сұңқыл қақса, шым-шым етіп, бойың босап, ойың босап,
қиялың қиян кезеді.

Решение:

Көркемдегіш құралдар: бейнелеуіш сөздер:былқ-сылқ етіп бұраңдасып, күлбіресіп,

көлеңдесіп, езу тартса есің кетіп, сұңқыл қақса, шым-шым етіп, бойың босап, ойың босап .

Теңеу :Алтын, күміс, — Алтай кені; алтын сырға

алты қарыс алып түсіп құлақтарын, жүзі Алтайдың айындай боп, көзі құралайындай боп,

күлкісі атқан таңындай боп, бойы Қопа талындай боп

Айшықтау.Метафора:Марқакөлдің суы балдай,Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді.