СОР № 1 Казахская литература 10ОГН класс Прозадағы көркем ой

Назад
Казахская литература - 10ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Прозадағы көркем ой

Задание:

«Аңыздың ақыры» шығармасын мазмұндас басқа шығармамен салыстырыңыз. Тарихикөркемдік құндылығын ажыратыңыз.

Решение:

Аңыздың ақыры:

Мазмұны:1)Бас  шебердің зынданға түсуі.

2)Әміршінің аңға шығуы.

3)Әміршінің түс көру.

4)Жолбарыс оқиғасы ,аңнан сарайға оралды.

5) Түсін жору, жарыққа аттануы.

6)Өлім алдындағы елестері.

Тарихи құндылық: ң «Аңыздың ақыры»тарихи романы– тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығарма.

Көркемдік құндылық:«Аңыздың ақыры» романында өзіндік көркемдік шешімін тапқан. Жазушы романда лирикалық реңк бояудың молдығы, тілдік өрнектің эмоционалды бояуға қанықтылығы, шартты түспалдар секілді романтизм эстетикасына тән тәсілдерді шебер пайдаланады.

Шығармалар:Қыз жібек

Мазмұны:Қыз жібек -қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры — аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері — Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі — сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.

Тарихи құңдылық:Қыз Жібек” жырында қазақ халқының өмірі, тұрмысы, кәсіп-тіршіліктері, салт-санасы, елдік, ерлік істері, ар-ожданы мен арман-мақсаты қызғылықты әрі көркем жырланады. 

Көркемдік құңдылық:Қыз Жібек» жырында  естірту, жоқтау, жұбату, айтыс, жырлай арнау, зарлай арнау, сыңсу т.б. кездеседі. Жырдың өне бойына  зер салып, тоқталғанымызда айшықтау мен троптың түрлері жиі кездесетінін байқауға  болады.