СОР № 1 Казахская литература 10ЕМН класс Қазақтың Қанышы

Назад
Казахская литература - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Қазақтың Қанышы

Задание:

Роман-эссенің эпиграфы мен «Кенжетай» бөліміндегі лирикалық шегініске талдау жүргізіңіз.
Автордың идеясын жеткізудегі маңыздылығына талдаңыз.

Решение:

Роман-эсседе кеңінен қолданылған тарихи құжаттар мен естелік-эсселер шығарманың шынайлығын, деректілік сипатын арттырып тұрғанын көруге болады деп ойлаймын. Сонымен қатар, автор Қаныш атамыздың көзін көргендерден сұхбат алысып, мәлімет жинаған. Қазақстанды жаппай қаулаған 1932 жылғы ашаршылық, ата-анасынан айырылуы, 1937 жылғы зобалаң жолындағы қиыншылықтардан өтіп, пісіп, жетілген жас зерттеуші бейнесі романда айқын бейнеленеді. Бұндай қиын кездерден жол табудағы іс-әрекеттері шығарманың нағыз дамуы мен шиеленісуі болды деп ойлаймын. Қаныш Сәтпаевтің басынан кешкен оқиғалары замандастарының естелік-эсселерімен толығып, шығарманың айқындылығын арттыра түсті. Қ.И.Сәтпаевтің шынайы бейнесін халыққа ұсынған ерекше шығарма десем артық айтпағаным болар.

Автор елу жылдан астам уақыт Қаныш Сәтпаевты жеке тұлға ретінде зерттеу жолында, ғалымның жүрген жолымен жүріп, үлкен ізденісте болған. Автор роман-эссеге өзінің қиял ұштарын қоспай, тек шынайы оқиғаларды жазды. Оқырманның Қаныш атамыздың өмірген сүрген кезеңіне сапар шегуіне себепкер болды десем де болады. Ерекше әсер қалдыратын шығарма екеніне көзім жетті. Медеу Сәрсеке жазушы ретінде шыңдалғанын, деректі прозаны жоғары деңгейге жеткізгенін дәлелдеді. Қорыта келе айтарым, «Ел есімі – ер есінде» демекші, осындай шығармалардың арқасында академик Қ.И.Сәтпаевтың есімі ел жадында мәңгілік сақталмақ!