СОР № 1 Казахская литература 10ЕМН класс Қазақтың Қанышы

Назад
Казахская литература - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Қазақтың Қанышы

Задание:

Роман-эссенің «Сәтбаев планетасы» бөліміндегі авторлық баяндауға тоқталып, шығарманы
жазудағы мақсатын анықтаңыз.

Решение:

Қазақтың ұлы тұлғасы Қаныш Сәтпаевтің өмір жолы туралы еңбекті елуден астам жыл бойы жазған. Медеу Сәрсеке жазушылықтан бөлек, инженер-металлург мамандығын бітірген. Металлогения мектебінің негізін қалаушы, жас зерттеушінің өмір жолын зерттеуге деген қызығушылығының қайдан пайда болғанын осы жерден байқауға болады деп ойлаймын. Бұл роман-эсседе тек Қаныш Сәтбаевтың өмір баяның ғана емес сонымен қатар оның  өмір сүрген кезеңіндегі елдің қал-ахуалы, саяси-әлеуметтік жағдайы, Қазақ жеріндегі ғылымның дамуы, саясат басындағылардың әділетсіздігі көрініс табады. Бұл еңбегін жазуда автордың біраз тер төккенін байқауымызға болады.Оқырманның Қаныш атамыздың өмірген сүрген кезеңіне сапар шегуіне себепкер болды десем де болады. Ерекше әсер қалдыратын шығарма екеніне көзім жетті. Медеу Сәрсеке жазушы ретінде шыңдалғанын, деректі прозаны жоғары деңгейге жеткізгенін дәлелдеді. Қорыта келе айтарым, «Ел есімі – ер есінде» демекші, осындай шығармалардың арқасында академик Қ.И.Сәтпаевтың есімі ел жадында мәңгілік сақталмақ!