СОР № 1 Казахская литература 10ЕМН класс Қазақтың Қанышы

Назад
Казахская литература - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Қазақтың Қанышы

Задание:

Роман-эссенің «Төңкеріс толқынында», «Тура биде туған жоқ» бөлімдеріне негізделе
отырып, «Тарихи оқиғаның адам тағдырына әсері» тақырыбында эссе жазыңыз.

Решение:

Тарихи оқиғаның адам тағдырына әсері

Адам өткенін жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу біз үшін өте маңызды. Сонау 1465 жылы қазақтың ең алғашқы хандары Жәнібек пен Керейдің хандықтың туын тіккеніне, міне, биыл 550 жыл толып отыр. Елбасымыздың Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы жарлығы шығып, былтырдан бері бүкіл ел болып үлкен іс-шараларды атап өтіп келеміз. Бұл Қазақстанның өткенді білуге деген үлкен құлшынысын көрсетеді.

Тарихқа көз жүгіртсек, талай қиындықтар мен тағдырдың соққылары қазақ халқының басына таяқ болып тигенін көреміз. Біз бүгінге көптеген сындардан өтіп келіп отырмыз. Ең алғаш туын тіккен елдің болашағы қашанда бұлыңғыр болатыны белгілі. Ол үшін құрылмақшы болып жатқан елге білгір де қайратты, парасатты көшбасшылар керек. Сонау жиырмасыншы ғасырларда ел үшін,жер үшін деп тер төккен қайраткер,батырларымыздың аттары мәңгілік тарихта қалмақ! Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды.