СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Русский 🇷🇺 2 четверть

Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау

Задание:

Мәтінді мұқият тыңдап, оқиғаны әрі қарай жалғастырыңыз. Нұсқаларды салыстырыңыз.
Өте ерте кездері Қытайдан бастап Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты пайда болған. Тек ХІХ ғасырда ғана бұл жолдың атауын неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен қолданысқа енгізген екен. — Ол қандай жол болуы мүмкін? «Ұлы Жібек жолы» — адамзат өркениетінің тарихи ескерткіштердің бірі. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Бұл жол Еуропа мен Азияның — Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір жолы болған. — Мәліметті Қазақстанмен байланыстырып көріңіздер. Ұлы Жібек жолының біздің жерімізбен қандай байланысы бар? Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жол Қытайдан басталып, Қазақстанның ежелгі қалалары — Түркістан, Қашғар, Жетісу, Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен. — Сонда бұл жол қандай мақсатпен салынған? Жібек мата, былғары, темір, фарфордан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қаружарақтар, киім-кешек, шабдолы, өрік сияқты жемістер керуен арқылы сауда үшін тасымалданған. — Сіздердің болжамдарыңыз дұрыс екен. Ал ендеше мына сұраққа жауап беріңіздер. Қалай ойлайсыз, қазіргі күні Ұлы Жібек жолы сақталған ба? Қазіргі күні Қазақстан мен Қытай елдерінің арасында ынтымақтастығын бекіту үшін конференциялар, жобалар ұйымдастырылып жатыр. Оның басты мақсаты — Қазақстан мен Қытай арасындағы Ұлы Жібек жолының қайта жаңғырту.

Решение:

Сол себепті де ұлы жібек жолын қайта жаңғырту мақсатында қытаймен қазақ ынтымақтастығын әрі қарай бекіту керек деп ойлаймын ол үшін арнайы жобаларды іске қосып ұлы жібек жолын қайта жаңғыртуымыз қажет