СОР № 1 Казахская литература 5 класс Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты
НазадБ.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты
Задание:
Өзіңіз таңдау жасаған бір кейіпкерге хат жазыңыз. Хатта кейіпкерден алған әсеріңізді жүйелі жеткізу үшін төмендегі кестені негізге алыңыз (120-130 сөз)

Решение:
Хат
Құрметті, Қожа. Қалың қалай? Менде бәрі жақсы. Сен менің бала күнімнен сүйікті кейіпкерімсің. Ия, шынымды айтамын. Бүгінгі менің інім қарайтын фантастикалық кейіпкерлерге қарағанда сені жақсы көремін. Сен түскен «Менің атым — Қожа» фильмін қайта-қайта көре бергім келеді. Себебі сен ақсылдысың, онымен қоса кейде бұзық та болып қаласың. Біз екеуіміз ұқсаймыз! Сенің сотқарлықтарың және апайыңның сөмкесіне салып жіберген бақа туралы оқиға есімнен мәңгіге кетпейтін шығар! Ия, сен әкесіз өстің. Ғашық та болдың, армандадың, төбелестің, тіпті, мектептен қуылуға шақ қалдың емес пе? Бұл фильм арқылы тек сені ғана емес, сол замандағы теңсіздік оқиғаларын да көріп, біліп қалдық. Сол үшін алғысымыз шексіз саған, Қожа! Келер күніңе сәттілік пен зор денсаулық тілеймін! Ғарышкер боламын дейтін арманыңның орындалуына тілектеспін.
Сәлеммен: …