СОР № 1 Казахская литература 5 класс Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру
НазадӘлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру
Задание:
- Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз.
Қиялмен көмкерілген шындық
Көркем әдебиеттегі автордың қалауына сәйкес өмірлік шындықты соны тәсілдермен жаңғыртатын «магикалық кристалл» туралы Пушкин заманынан бері айтылып келеді. Өмірде болмаған, болмайтын жайларды көркем образдар арқылы жаңаша бейнелеп, дүние бейнесін қайта құрып, оған төтенше, оқырманға таныс емес түр беретін әдеби амал – көркемдік ойдан шығарудың бір түрі. Жалпы, көркемдік қиял, ойдан шығару – әдебиеттің ажырағысыз белгілерінің бірі десек, әдеттегіден бөлекше бейнелеу – осы көркемдік ойлаудың, көркем шарттылықтың ең жоғары сатысы, яғни «шындыққа сәйкеспейтін» құбылыстардың поэтикалық шындыққа айналуы. Қиял – шығармашылық еркіндік көрінісі – негізінен романтикалық ирония бастауларының бірі болып табылады. Онда, көбінесе, дүние қияли сипат алып, автордың қалауымен һәм қиялымен жаңа қырынан көрінеді, «екіге жарылып», «өңі айналдырылып» фантастикаға ұласып отырады, мұнда оқиға-құбылыстар «қияли көрінеді, қандай да бір нақтылықтан адаланады, …онда көптеген ғажайыптар орын алады».
Решение:
Менің ойымша, осындай «магикалық кристалл» жанрының тек орыс поэзиясында емес қазақ әдебиетінен де орын алғаны қуантады. Себебі, бұл қазақ әдебиеті үшін жаңа жанр, жаңа троп болғандықтан тез өзінің жанкүйерін табады деген ойдамын. Менің өзіме осындай адам қиялынан туындаған, фантазиия бейнелі шығармалар ұнайды. Шынайы әлемде орын алмайтын оқиғалар және болмаған тіршілік иелерін ойлап шығару — адамзат қиялының ұшқырлығын көрсетеді