СОР № 1 Казахский язык 5 класс Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу

Назад
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу

Задание:

Мәтінді мұқият оқыңыз, мәтіннің мазмұнына талдау жасай отырып, идеяны анықтаңыз.

Адам тану — даналықтың қайнар көзі. Ағат айтқан бір сөзі, жаңсақ басқан бір қадамы, өтініш, тілегіңді кешеуілдетуі – асығыс шешім қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес. Өйткені, оның әртүрлі себебі бар болуы мүмкін. Ал адамдардың кейбірі сылтау, себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да. Осы есіңізде болсын.
Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», — деп. Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге жақсылық жасауы, малға да, жанға да мейірімді болуы, жомарттығы, кеңпейілділігі, қарапайым, мәдениеттілігі, еңбекқорлығы оның қандай адам екенін айтқызбай-ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол мағлұмат береді. Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйінің тазалығы, ұстаған құрал-жабдықтарының, көлігінің жағдайы, қатысатын ойын-сауығы, әуес әдет-ғұрыптары да оның жан дүниесінің айнасы.

Решение:

Мәтін идеясы : Адам тану жайлы ұғымды түсіндіру,баяндау. Адам тану — даналықтың қайнар көзі.