СОР № 1 Казахский язык 5 класс Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

Назад
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

Задание:

Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Кестенің екінші бағанына негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңыз.

Решение:

Мiнез — әр адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер жиынтығы. Мінез адамның негiзгi — өмiрлiк бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Мiнез — өте кең мағыналы ұғым. Мiнездiң моральдық жағынан тәрбиелiгi , бірқалыптылығы , толықтылығы , күшi мен айқындығы , салмактығы оның негiзгi сапалары болып есептеледі. Адамнын iс-әрекеті сол iске деген қатынасымен қатар ерік-жiгерiне, көңіл күйiне, зеректiгiне, ақыл-ойына да байланысты болады. Моральдық жағынан тәрбиеленген мiнез адамды мінез кұлық тұрғысынан да, онын айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Ал мiнездiң күшiне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілердi жене бiлуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады .