СОР № 1 Казахский язык 5 класс Энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу

Назад
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу

Задание:

«Уикипедия» ашық энциклопедиясынан Қазақстанның көрікті жерлері туралы
6 ақпарат алыңыз

Решение:

1)Бутаков сарқырамасы – Үлкен Алматы өзеңі  аңғарындағы Аюсай өзенінің сарқырамасы .

Сарқыраманың биіктігі 10-12 метр. Су ағысының күштілігіне қарай кейде жартастан гүрілдеп құлап ағады, ал кейде жартас бетінде жұқалаң жайылып жатады, әсіресе, желтоқсан және қаңтар айының бас кезінде өте әсерлі. Бұл кезде жартастар әдемі көгілдір мұзға айналады. Қаңтар-наурыз аралығында сарқырама төңірегінде көшкін жүруі мүмкін, сол себепті бұл кезең адам өміріне қауіпті.

2)Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.

3)Шарын шатқалы, Шарын каньоны — Шарын өзенін 154 шақырым бойлай жатқан табиғи нысан.

Шатқал Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 км созылып жатыр. 

4)

«Қазақ елі» — Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан мәдени-архитектуралық монумент. Монумент 2009 жылы ашылды. Монументтің авторлары — Сәрсенбек Жүнісов  және Жаңбыршы Нұркенов.Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, соның монумент орна­лас­қан орталық тұғырнамасы 1 гек­тар жерді алып жатыр. Ақ мәрмардан құйылған монумент­тің биіктігі – 91 метр, бұл –  Қазақстан  тәуелсіздігін алған 1991 жыл­дың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояу­мен әрленген алып құс – Сам­ұрық Қазақ­стан­ның тынышты­ғын «күзетіп» тұр. Монументтің түсі – ақ. Ол қазақстан­дық­тардың дос­тық­қа адал, бау­ырмал, ақ ниетін паш етсе ке­рек. Көптеген елдерде орнатыл­ған мұндай стелалар қара, кейде қызыл түсті болып келеді. Олар тиісінше қара күш­тің, қанның белгісі іспетті.

5)Республика Сарайы – Алматы қаласында орналасқан мәдени орталық ғимараты. 2008 жылы наурыз айының 21-інде «Республикалық маңызы бар тарих, мәдениет, қала құрылысы және архитерктуралық ескерткіші» мәртебесі берілген.

6)Бәйтерек – Нұр-Сұлтан  қаласындағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.