СОР № 1 Казахский язык и литература 5 класс Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау
НазадМәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау
Задание:
Мәтінді мұқият оқыңыз. Ондағы 3 маңызды ақпаратты іріктеп, маңызды болу себебін бір сөйлеммен түсіндіріңіз.
Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек?
Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дұрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі.
Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.
(148 сөз)
Решение:
Маңызды ақпараттар:
1) Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы
2) Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды
3) Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор
Себебі:
1) Себебі байлықпен денсаулықты сатып ала алмайсың
2) Өйткені олар жаңа өскін мен соларға үлгі көрсетер сары алтындар
3) Дұрыс тамақтану мен денсаулығыңды күту — бір-бірінсіз орын алмайды