СОР № 1 Казахский язык и литература 5 класс Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану
НазадЛексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану
Задание:
Қ. Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңіндегі сын есімдерді анықтаңыз.
…Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
Өлеңнен анықталған сын есімдерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құрап жазыңыз.
Решение:
Сын есімдер: қиын, қиынырақ, ең ғажайып, ең шуақты, ең шырайлы, ең шерлі, өлшеулі
Әлемдегі ең ғажайып сезім ол тату отбасыңмен кешкі ас үстіндегі әңгімелер. Бүгін ең шуақты күн болайын деп тұр. Өмірде алдыңда не қиын іс тұрса оны жеңіп, мойымау — міне өмір сүру мен жер басып жүрудің, меніңше, мәні сонда.