СОР № 1 Казахский язык и литература 5 класс Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну

Назад
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну

Задание:

Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.

Планета дегенде әуелі әлеміміз және күннің айналасында орналасқан қалған сегіз ғаламшар ойымызға келеді.
«Күн Жүйесі» деп аталатын тоғыз планетаның Күннен алшақтығы бойынша реті мынандай: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон. Күнге ең жақын болған Меркурий, Шолпан, Жер планеталары «Ішкі планеталар», ал Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон планеталары «Сыртқы планеталар» деп аталады. Марс пен Юпитердің арасында «Астероид» деп аталатын кішкене планеталар да бар. Меркурий, Шолпан және Плутон планеталарынан басқа бүкіл планеталардың бір немесе бірнеше серіктері бар.
Планеталардың пайда болуы жөнінде көптеген болжамдар мен теориялар айтылған. 1944 жылға дейін планеталардың күннің жарылысы нәтижесінде күннен бөлініп шыққан деген пікір басым еді. Кейін неміс астрономы Кеплер планеталардың пайда болуы жөнінде жаңа теория ұсынған.
Қазіргі таңда планеталарды зерттеу жұмыстары барынша дамыған. Келешекте адам баласының Шолпан, Марс планеталарына барып, базалар құруы жоспарлануда.
(130 сөз)

Берілген сөздердің мағынасын мазмұнды негізге ала отырып, өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

 

Решение:

Ғаламшар-планета

Алыс-алшақ

Жетілген-дамыған

Таяу-жақын