СОР № 1 Казахский язык и литература 5 класс Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру

Назад
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру

Задание:

Мәтінді түсініп оқыңыз. Төменде берілген сұрақтардың ішінен 2 сұраққа таңдау жасаңыз. Жаңа сұрақтарға өз көзқарасыңызды білдіріп, жазбаша жауап жазыңыз.
Күн жүйесінде адам баласы барып, қоныстануға үміттенген ғаламшарлар — Ай, Марс, Шолпан, Ганимед пен Ио. Соның ішінде Жерге ең жақыны — Ай. Ай — Жердің жалғыз табиғи серігі. Ғылымға жүгінсек, ай қараңғы, суық шар. 1969 жылы адамзат тұңғыш рет Айға сапар шекті. Ал не суы, не атмосферасы жоқ Ай бетінде адамдар қалай өмір сүрмек?
Ай бетіне ел орнатуды көздеген ғалымдардың ғылыми дәйектемелеріндегі қызықты деректер мынадай:
Айдың ешқашан Күн сәулесі түспейтін полярлық бүйіріндегі қат-қат мұзды тазалап, ауыз суға айналдыратын құралдарды пайдалансақ, су алуға болады-мыс.
Айдың сарғыш-қоңыр құмды көзге елестететін топырағы таптырмайтын құрылыс материалы болатынын дәлелдепті.
Айдың бір күні біздің бір аптамызға, бір түні жеті күнге созылады екен. Таңертең Ай температурасы минус 200 градусқа, түсте плюс 150 градусқа жететін көрінеді. Мұнда жел соғу, жаңбыр жауу, найзағай ойнау деген болмайды.
Айда травматолог дәрігердің қажеті шамалы. Өйткені қанша құласаңыз да, еш жеріңіз ауырмайды-мыс. Мұнда ауыр көтеру де аса үлкен проблема емес. Өйткені Жердегі 70 килограмм салмақ Айда небәрі 11,5 килограмм тартады. Яғни, Айда жүк тасу ешқандай қиындық келтірмейді екен…
(162 сөз)

Решение:

1) Мен Айдағы адамзаттың өмірін мен болашақта көре және елестете аламын

2) Меніңше тікелей ерітіп емес, химиялық жолмен ішуге жарамды етсе болады деген ойдамын

3) Ия, әрине. Басында адамдар күннің ұзақтығынан тез шаршап, тез ауруға шалдығады. Бірақта көп уақыт өткен соң адамның организмі үйреніп кетеді деген ойдамын