СОР № 1 Казахский язык и литература 5 класс Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру

Назад
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру

Задание:

Мәтінді мұқият оқып, ондағы мәселені анықтаңыз. Жаңа сөздерді қолдана отырып, ПОПС формуласы бойынша мәселеге қатысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Ахмет ақсақал балаларды бастарынан сипап өтті де, шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады. Ертеңіне Ахмет көрші ауылдан Сейітбек қожаны алып келіп, баласын сүндетке отырғызды. Кешке бүкіл ауылды баласының тойына шақырды. Жылы төсекте жатып ұйқыға кеткен Зигфрид Вагнер таңертең Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып оянды.
Көп ұзамай Ахаң ауыл тұрғындарымен бас қосқан жерде үнемі баласы туралы әңгімелейтін болды.
— Өзі ұғымтал,- дейді мақтанып. — Аса зерек. Бірақ биыл мектепке бермеймін. Тілі жаттықсын…
— Тіпті бөтендігі жоқ,- дейді қуанып. Алғашқы күндері үркек еді. Қазір мені мен шешесін қойшы, осы бәріңе, бүкіл ауылға бойы үйреніп қалды.
Зигфрид кекшілдігі жоқ, жайдары бала боп шықты. Көбіне жалғыз ойнайды. Әкесінің тымағын киіп алып, көк шыбықты ат қып мініп алып, күні бойы үй маңында асыр салады. Ептеп қазақша сөйлей бастағаннан бері ауыл балаларымен арадағы алалық азайды. Кейбір балалар өзі іздеп келіп ойнайтын болды. Зигфрид кім келсе де жақсы қарсы алады. Бар-жоқты адал бөлісіп жейді.
(143 сөз)

ПОПС формуласы
• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, мәтінде ……. мәселе көтерілген »
• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
• Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…. ».

Решение:

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, мәтінде кішкентай баланың ауылға үйренуі туралы мәселе көтерілген »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін, ол бала ауыл өміріне үйренбеген

• Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын, алайда баланың ауыл адамдарына тез үйренгені бірден байқалады

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім, енді бұл бала бала ары қарайда бұл өмірге сіңісіп,үлкен азамат болады