СОР № 1 Казахский язык и литература 5 класс Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау

Назад
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау

Задание:

Мәтінді оқып, мазмұнға сай 2 дұрыс ақпаратты анықтаңыз.

Сұлу Көкшетаудағы биік тау туралы мынадай аңыз бар.
Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау көп еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты.
Бір күні сол бала шайқастан кейін сəл тынығып алмақшы болады. Көлдің суына шомылады да, қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сəтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Байқаусызда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, əл-дəрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Пілін де жау қолына тастамас үшін төбесіне көтеріп алады. Сол батыр осы Оқжетпес болса керек.
(122 сөз)

Мәтін мазмұнына сай тақырып қойыңыз.
_______________________________________

Решение:

Мәтін мазмұнына сай тақырып қойыңыз: тау туралы аңыз