СОР № 1 Казахский язык и литература 5 класс Ер есімі - ел есінде

Назад
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Ер есімі - ел есінде

Задание:

Бейнебаянды мұқият тыңдап, берілген тірек сөздердің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз

-Ата, мына от не үшін жанып тұр?
— Балам, елін, жерін қорғап, Отан үшін мерт болған ерлердің есімі осы оттай мәңгілік өшпейді. Бұл от, бұл алау — «Ер есімі ел есінде мәңгі сақталсын» деген құрмет. Түсіндің бе, балам?
— Түсіндім, ата.
— Айналайын! Сонау соғыстың сұрапыл жылдарында менің талай майдангер достарым Отан үшін жанын пида еткен, балам. Еее… Әлі есімде. Қиян-кескі шайқаста қандыкөйлек досым Дәуіт екеуіміз…
— Міне, ата! Міне, Ерназаров Дәуіт деп жазылып тұр!
(Ата майдандағы досын есіне алады.)
— Кеттік пе?
— Кеттік!
— Өтебаев!
— Қане, достым! Демеп жібер!
— Жаралысың ғой.
— Отан үшін қасық қаным қалғанша шайқасамын!
— Жеңіс үшін жан пида!
— Ерназаров!…
— Ата, сіз неге жылап тұрсыз?
— Балапаным, қаншама қазақ жауынгерлері елге қайта оралмай, бүгінгі бейбіт заманды аңсаумен кетті. Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек, балам!
(122 сөз)

Решение: