СОР № 1 Казахский язык 7 класс Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану

Назад
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану

Задание:

Мәтінді оқыңыз. Одағайды тауып мағынасын түсіндіріңіз. Гендік тағам мен тұтынушыға кейіпкер тағайындаңыз. Мәтінді негізге алыңыз, одағай түрлерін қолданып, ауызекі сөйлеу стилінде сюжеттік әңгіме құрыңыз. Сөз саны (170-200).

Қотыр торғай
(ертегі)
Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырса, қотырының қатпарланған аузын шеңгелдің тікенегі сыдырып кетіпті. Торғай ашуланып:
– Қап бәлем, сені ешкіге айтпасам! — деп, ешкіге келіп:
– Ешкі, ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің? – дейді. Ешкі:
– Оны жемек түгіл, өзім лақтай алмай жатырмын. Торғай:
– Қап бәлем қасқырға айтпасам!
– Қасқыр, қасқыр, ана ешкіні неге жемейсің? Қасқыр:
– Оны жемек түгіл, өзім байдың жабағысын жеп, тауыса алмай жатырмын. Торғай:
– Қап бәлем, сені жылқышыға айтпасам!
– Жылқышы, жылқышы, ана қасқырды неге ұрып алмайсың? Жылқышы:
– Оны ұрып алмақ түгіл, өзім ұйқым қанбай жүр. Торғай:
– Қап бәлем, сені байға айтпасам!
– Бай, бай, ана жылқышыңды неге ұрмайсың? Бай:
– Оны ұрмақ түгіл өзім қоспамды түгесе алмай жатырмын. Торғай:
– Қап бәлем, сені тышқанға айтпасам!
– Тышқан, тышқан, байдың қоспасын неге жемейсің? Тышқан:
– Оны жемек түгіл, өзім інімді қаза алмай жатырмын. Торғай:
– Қап бәлем, сені балаларға айтпасам!
– Балалар, балалар, ана тышқанды неге ұрып алмайсыңдар? Балалар:
– Оны ұрмақ түгіл, өзіміз асығымызды ойнай алмай жатырмыз. Торғай:
– Қап бәлем, сендерді кемпірге айтпасам!
– Кемпір, кемпір, ана балаларды неге ұрмайсың? Кемпір:
– Оларды ұрмақ түгіл, өзім жүнімді сабай алмай жатырмын. Торғай:
– Қап бәлем, сені құйынға айтпасам!
– Құйын, құйын, кемпірдің жүнін неге ұшырмайсың?
Құйын соғып, кемпірдің жүнін ұшырыпты, кемпір келіп балаларды ұрады; балалар тышқанды ұрады; тышқан байдың қоспасын теседі, бай жылқышыны ұрады; жылқышы қасқырды ұрады; қасқыр ешкіні жемек боп қуады; ешкі шеңгелдің сылдырмағын жейді. Сөйтіп, қотыр торғай өшін алады.

Решение:

Менің сүйікті үй жануарым ол ит. Ит жеті қазынынң бірі деп жатады. Менің итім өте сүйкімді және мейірімді.Мені күнде мектептен кейін қарсы алады. Менің итімнің аты-Тобик.Менің ойымша әр адам өз итін шексіз жақсы көреді. Итімнің көптеген қылықтары маған қатты ұнайды. Оларды атап кетсек:жүгіру,секіру және ен басты қасиеті ол берген бұйрығынды бұлжытпай орындайды. Менімен бірге күнде ойнайды,мені қорғайды. Мен оны жақсы қараймын, күнде даладан кейін жуындырамын. Мен өз итімді қатты қатты жақсы көремін. Менін итім Мен итті жақсы көремін.