СОР № 1 Казахский язык 7 класс Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау

Назад
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау

Задание:

Мәтінді мұқият тыңдап, автор көзқарасы мен көтерілген мәселені өмірмен байланыстырыңыз.

Ғылыми фантастика
Ғылыми фантастиканың рухи тағаны – арғы замандарға тән мифтік аңыз¬дар¬ға, ежелгі әпсаналарға, ауыз әде¬бие¬тіне (мысалы, адамзат пен он сегіз мың ғалам ара байланысты түсіндіруге, қоғам¬ның бо¬лашақ тағдырына үңілуге және оны бол¬жауға, т.б.) еліктеу. Оған қиял-ға¬жайып¬тық, ертегілік қасиет те тән.
Ғылыми фантастиканың әу басқы әде¬би анасы – романтизмдік әдеби дәс¬түр. Әри-не, алғашында ол лаңкестік, жанкешті не ғажайып прозаларға да із салдырды, ой жүгіртетін (detective fiction, mystery fiction, crime fiction, horror fiction, thriller fiction) және готикалық прозалармен де бай¬ланыссыз болмады.
Қазақ әдебиетіндегі ҒФ жанрының ал¬ғашқы белгілері болашақты болжай біл¬ген данышпан халық қиялының ұш¬қыр¬лығы тудырған ертегілерде («Ер Төстік», «Ұш¬қыр кілем», т.б.), аңыздарда («Қорқыт ата», «Баба түкті шашты Әзиз», т.б.) жатыр. Мы¬салы, «Ер төстіктегі» алты айлық алыс¬тағы сыбырды ести алатын, тауды тауға со¬ғатын, көз ілестірмей зыр жүгіретін, т.б. кейіп¬керлер бүгінде реалдыққа айналған тех¬никаны сонау ертенің өзінде-ақ арман¬дау емес пе?

Решение: