СОР № 1 Казахский язык 7 класс Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

Назад
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

Задание:

Жұптық жұмыс. Мәтінді  мұқият тыңдаңыз. Жұбыңызбен сұрақтар қоя отырып, автор көзқарасы мен көтерілген мәселені өмірмен байланыстырыңыз.

Қазақ фэнтезиі

ХХ ғасырдың екінші жар­ты­сын­да тағы бір фантастикалық жанр – фэн­те­зи әдебиет әлемінің есігін аш­ты. Аталған жанр біріншіден, әдеби ертегінің шекпенінен шыққандықтан пай­да бо­лу жо­лы да сан қилы, фэн­те­зи кей­де шындық өмірден қашып, миф пен аңыздарды қайыра ой елегінен өткізуге бағыт ұстанса, оның түп та­мы­ры әдеби ертегі белгілі бір ұлт үшін сын сағаттар болған сәтті оны ертегілік об­раз­дар мен мо­тив­тер арқылы та­ны­та біледі; екіншіден, фэн­те­зи  жанрындағы ту­ын­ды басқа жанрлардың мәтіндік бөлігі бо­ла ал­мау­ы­мен әдеби ертегіден ерекшеленеді.

Енді осы фен­те­зи жан­ры ту­ра­сын­да, оның қазір бір жақты ба­ла­лар жа­зу­шы­сы деп жүрген Т.Рым­жа­нов шығармашылығына қатыстылығы жай­ын­да өз ой­ы­мыз­ды білдіре кетейік. Біздің ғылыми топ­шыла­у­ла­ры­мыз кейбір зерттеушілер та­ра­пы­нан қарсылыққа ұшырау мүмкіндігін жоққа шығармай ой­ы­мыз­ды дәлелдеуге көшейік.

Т.Рым­жа­нов ертегілерінің фэн­те­зи­ге қатысты тұстарын біршама сөз еткізіміз келеді. Мысалы, «Зәйтүн қарлығаштың ерлігін» ба­сы бүтін әдеби ертегіге жатқызатын болсақ, автордың қалған үш әдеби ту­ын­ды­сы («Гүл ағашы», «Күн перзенттері», «Ер­ден ба­тыр») жай­ын­да бұлай дей ал­май­мыз. Аталған шығармалар бой­ын­да әдеби ертегіге қарағанда фэнтезилік ны­шан-белгілер мо­лы­нан ұшырасады.

Фэн­те­зи (ағыл. fantasy – «фан­та­зия») – мифологиялық және ертегілік мотивтерді пайдалануға негізделген фантастикалық әдебиет түрі. Заманалық әдебиет түрі ретінде XX ғасырда өмірге келді. Қазіргі деңгейіне жетуі үшін  Джон Ро­нальд Ру­эл Тол­кин ере­сен еңбек сіңірді. Оны кейбірде фэнтезидің әкесі деп атай­ды.

Фэн­те­зи ту­ын­ды­ла­ры көбіне та­ри­хи-шы­тыр­ман оқиғалы ту­ын­ды­ны ес­ке түсіріп, ондағы іс-әрекет белгілі бір ұлттың бағзы ба­ба дәуіріндегі, ор­та ғасырлардағы ты­ныс-тіршілігін та­ны­та­тын ой­дан шығарылған  әлемде өтіп, бас кейіпкер құдай ерек­ше қылып жаратқан құбылыстар және мақұлықтармен ая­у­сыз күреске түседі. Кейбірде фэн­те­зи архетиптік сю­жет­тер негізіне құрылады. Осы қырынан алғанда Т.Рымжановтың кейбір ертегі-хи­ка­ят­та­ры фэн­те­зи жан­ры­на жататындығын аңдаймыз.

Решение:

1)Фэнтези әдебиет қай ғасырда пайда болды?

-ХХ ғасырдың екінші жартысында.

2)Фэнтезидің әкесі деп кім танылған?

-Джон Ро­нальд Ру­эл Тол­кин

3)Т.Рымжанов-тың шығармалары фэнтези жанрына жата ма?

-ертегі-хикаяттары жатады.

Қазіргі таңда фэнтези жанры өте көп тараған. Әртүрлі кино, сериалдардан байқауға болады. Жалпы бұл бағыт адамның ойынан құралған жанр.