СОР № 1 Казахский язык 7 класс Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

Назад
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

Задание:

Екі мәтінді салыстырып, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.

1-мәтін
Ғылыми фантастика мен әлеуметтік фантастиканың кейбір ерекшеліктері
Ғылыми фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр. «Шындықпен берік байланыстағы жалғыз әдебиет – ол ғылыми фантастика! Ғылыми фантастика нағыз маңызды мәселелерді көтереді. Қиялгерлерді адам тағдыры толғандырады. Бүгінгі күннің ақиқатын бейнелейтін бірден-бір әдебиет жанры», — деп ағылшындық ұлы қиялгер-жазушы Артур Кларк айтқан.
Ғылыми фантастика жанрының бар табиғатын, мақсат-мүддесін, оның міндетін айқындау үшін қойылатын талаптар өте көп. Мұның өзі оның күрделілігін, қиындығын аңғартады. Бұл жанрдың басқа жанрларға қарағандағы бірден-бір ерекшелігі: ол – «қосмекенді», ол көркем әдебиет туындысы ретінде оның барлық заңдылықтарын сақтауы тиіс. Бұл — бір. Екінші: ғылыми фантастика есебінде ол міндетті түрде не кешегі өткен ғылым құпиялары, не ертеңгі тұрмыс-тірлігімізге енуге тиісті ғылым мен техника жаңалықтарын әдеби әшекеймен оқырмандарына жеткізе білу.

2-мәтін
Танымдық басылымы жоқ елде фантастика қалай дамысын?!
Ғылыми фантастика жеке жанр ретінде XX ғасырда қарастырыла бастады. Нақты айдары сол кезде тағылды демесеңіз, бұл саланың тамы¬ры тереңде. Тарихы әріден бастау алады. Оған бала күнімізден тыңдап өскен қиял-ғажайып ертегілері дәлел бола алады. Әлем әдебие¬тін¬де ғылыми-фантастика ғылыми поэзия, ғылыми проза болып екі тарапта дамыды. Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль «Сөз туралы трактат» атты еңбегінде қолданды. Ол ежелгі дәуір әдебиетінің белді өкілі Лукреций Кардың «Заттың табиғаты» атты еңбегінде осы ғылыми поэзияның белгілері бар деп көрсеткен.
Бұл жанрға, бәлкім, жаңа бетбұрыс ке¬рек шығар. Өйткені ғылыми-техника да¬мып кеткен бүгінгі заманның оқырманына көп нәрсе таңсық емес. Осындай сұрақтар¬мен біз сөз етіп отырған жанрымыздың бел¬ді өкілдеріне хабарласқан едік.
Абдул-Хамит Мархабаев, фантаст-жазушы:
– Егер мойындай алсақ, дәл қазіргі уа¬қытта жазушының жағдайы қиын. Кі¬та¬бының таралымы аз. Қаламақының жағ¬дайы мәз емес. Тіпті кейде қалама¬қы ал¬мақ түгіл, кітабыңның жарық көр¬г嬬ніне қуанасың. Мұндай жағдайда оқыр¬¬ман¬ның да жай-күйі белгілі. Осы¬д¬ан кейін кім туралы жазасың, кімге ар¬нап жаза¬сың? Міне, жазушылардың ішінде осын¬дай қыжыл бар. Ал Жапо¬нияда бір кітап жазған жазушы бірнеше жыл алаңсыз өмір сүреді. Ғылыми фан¬¬тастика жанры жазушының жан сө¬лін сығып алады. Ал төккен тердің өтеуі бо묬маған жерде сүбелі дүние туады деу қиын.
Бүгінгі ғылыми фантастика дегенге кел¬сек, өтірік мақтап, жалаң ұранға са묬¬ғым келмейді. Жоғарыдағы себеп¬тер¬¬дің барлығы осындай жағдайға әке¬ліп тіреді.

Решение: