СОР № 1 Казахский язык 7 класс Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

Назад
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

Задание:

«Қазақ киносындағы ғылыми фантастика» тақырыбында шағын мақала жазыңыз. Сөз саны 150-200.
Мақаланың жанрын, стилін сақтаңыз.
Көркемдегіш құралдарды қолданыңыз

Решение:

Ғылыми фантастиканың зерттелу аймағы да адамды қызықтырады. Бәленшенің ғылымға алып келген жаңалығы осындай жағдайда пайда болған екен, түсіне де қиялдың ұшқыны кіріп шықпайтын ғалымдар осы бір жанрдың әсерінен әдебиетке бет бұрыпты деп жатады.

Сол іспетті, фантастикамен айшықталған ғылымның көркем әдебиетте қызықты дүниелерге жетелер жерлері көп. Америкалық қиялдың шегіне жеткен адам Роберт Хайнлайнды өкімет орындары тұтқынға алады. Оның себебі артынан анықталады. Жазушы өзінің бір фантастикалық романында тұңғыш уран атом бомбасының жасалуы мен сыналуын 1941 жылдың өзінде-ақ өте дәл басып, тура баяндап жазыпты. 

Жұмысқа негіз болған тақырыптың аясын кеңінен ашу үшін біз барынша жоғарыда айтып өткендей түрлі әлемдік ғалымдар мен олардың еңбектері жайында сөз еттік. Жалпы жанр жағынан қиялдың шарықтау шегіне жеткен дүниенің түбі бір осы ғылымилануға келді. Оған талдаулар куә. Қазақтың фантастикасы да осы аталған ғылымдардан кенде қалып жатқан жоқ. Қазіргі қоғам — ақ пен қара, жақсылық пен жамандық қат-қабат келіп жатқан мейлінше күрделі қоғам. Ұлтаралық қақтығыс, діни алауыздық, жерасты байлығы үшін бақталастық, атомдық соғыс, адамдардың роботтанып бара жатуы, есті адамға осының бәрі — мұң, бәрі — мәселе. Мейлі кинода, мейлі әдебиетте, жұрт ықыласының фантастикаға ерекше ауып отырғандығын ескерсек, осы жанрды пайдалана отырып, жаңағыдай текетірестердің салдарын алдын ала тұспалдау арқылы жамандықтан жирендіру, ескерту мақсатында маңызды істер тындыру — әбден мүмкін нәрсе. Ол үшін тек фантастика жанрын жан-жақты дамытып, осы бағытта қалам тербейтін жазушыларды мейлінше ынталандыра түсу қажет. Фантастиканың берік іргетасы сонау замандағы ауыз әдебиетінде-ақ қаланған қазақтай талантты халықтың бүгінгі қаламгерлері «Аватар» мен «Гарри Поттерлерді» он орайтын өрелі шығармаларды әлі-ақ өмірге әкеледі. Әрине, мүмкіндік туғызылған жағдайда…