СОР № 1 Казахский язык 7 класс Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау

Назад
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау

Задание:

Мәтінді мұқият оқыңыз. Синонимдік қатарларды тиімді қолданып, мәтінді өзгертіңіз.
Арман қолындағы кітаптың қызығына кіріп кеткенін енді ғана сезді. Шығарма аяқталыпты. Кітапты жауып, бітіп қалғанына өкініш білдіргендей, сыртқы мұқабасын сипалап ұзақ отырды. Көз алдында — Кибер. Өзі де Кибермен бірге ғарыштан қазір келгендей. Кенет есіне Ерқанат түсіп кетті. Телефон шалуда.
-Иә, тыңдап тұрмын…
-Алло… Ерқанат? Бұл сенбісің?
-Иә, «профессор», мен ғой.
-Ерқанат, мен жаңа ғана «Ғажайып планетадан» келдім.
-Не дейсің?
-Иә. Мен «Ғажайып планетадан» келдім деймін.
-Түу-уу, қияли достым, не деп кеттің өзі? Дұрыстап айтсаңшы…
-Кибер… Киберді айтам…
-Ол кім тағы?
-Ол менің жаңа досым. Өзі сондай сүйкімді, әрі ақылды. Жасанды адам ғой.
-Ә-ә, сен тағы бір кітап тауыстым десеңші.
-Иә. Талап Сұлтанбековтың «Ғажайып планетасын» оқыдым. Саған да ұнарын сезіп тұрмын.
-Тағы да фантастикалық шығарма де.
-Білесің ғой. Мен фантастикалық кітаптарды жиі оқимын. Саған осы шығарма туралы айтып берсем деп едім, Ерқанат.

Решение:

Арман фантастикалық кітаптарды жақсы көреді. ол өзінен кейбермен мен туралы кітапшасын оқып бітіріп оның аяқталғанына қатты қынжылды. себебі кітап оған қатты ұнады. Жәнеде ерқанат деген досымен қиялға батып отырды