СОР № 1 Казахский язык 7 класс Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану

Назад
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану

Задание:

Мәтінді мұқият оқып, тыныс белгілерін қойып шығыңыз.

Мәтін
Қазақ фантастикалық әдебиетінің теориясы мен тарихын жазушы осы жанрдың алғашқы туындыгерлерінің бірі – А. Мархабаев Фантастиканың басты міндеттерінің бірі ғылымды насихаттау екен Демек бұл жанрдың басқа әдеби түрлерден ерекшеленіп тұратын оқшау қасиеті болуы тиіс Ол фантастика ғалым табиғаттану жаратылыстың құпия құбылыстарын ел арасына өз оқырмандары ортасына таратумен қатар, өзі де сол ғылымның арқасында өмірге келеді. Яғни фантастика ғылымды туғызса ғылым өз кезегінде фантастиканы қамшылайды Былайша айтқанда фантастика — ғылым және ғылым — фантастика тандемі болып келеді Осылардың жиынтық ұғымы біздің әдебиеттану ғылымымызда «ғылыми-фантастикалық әдебиет» дегенді қалыптастырады» деп тұжырымдайды.
Фантастика даму жолында ішкі сипаттары және сыртқы тұрпаттарына қарай әдеби-көркем фантастика ғылы¬ми фантастика әлеуметтік фантас¬тика экономикалық фантастика бері келе фентези болып бірнеше түрге бөлінеді.

Дұрыс нұсқасы:
Қазақ фантастикалық әдебиетінің теориясы мен тарихын жазушы, осы жанрдың алғашқы туындыгерлерінің бірі – А.Мархабаев: «Фантастиканың басты міндеттерінің бірі ғылымды насихаттау екен. Демек, бұл жанрдың басқа әдеби түрлерден ерекшеленіп тұратын оқшау қасиеті болуы тиіс. Ол, фантастика, ғалым, табиғаттану, жаратылыстың құпия құбылыстарын ел арасына, өз оқырмандары ортасына таратумен қатар, өзі де сол ғылымның арқасында өмірге келеді. Яғни, фантастика ғылымды туғызса, ғылым өз кезегінде фантастиканы қамшылайды. Былайша айтқанда, «фантастика — ғылым» және «ғылым — фантастика» тандемі болып келеді. Осылардың жиынтық ұғымы біздің әдебиеттану ғылымымызда «ғылыми-фантастикалық әдебиет» дегенді қалыптастырады» деп тұжырымдайды.
Фантастика даму жолында ішкі сипаттары және сыртқы тұрпаттарына қарай әдеби-көркем фантастика, ғылы¬ми фантастика, әлеуметтік фантас¬тика, экономикалық фантастика, бері келе фентези болып бірнеше түрге бөлінеді

Решение: