СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет

Задание:

Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Ғаламтор несімен зиян? Ғаламторға, оның ішінде қоғамдық желілерге тәуелді жастар ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша өзіне деген сенімділігін жоғарылатады екен. Психологтар қоғамдық желілер арқылы танысып, тілдесу адамның батылдығына, өзіне беретін бағасына әсер ете алады, ол көрсеткіштерді жақсы жаққа қарай өзгертеді дейді. Алайда мамандардың айтуынша қоғамдық желіге құмар жандар күнінің көп бөлігін компьютердің алдында отырып өткізеді. Сол себепті олар артық салмақ жинағандарын да байқамай қалады екен. Тағы бір қызық жайт: компьютер мен ғаламторға әуес жандардың банкротқа ұшырап, бар жиғандарынан айырылу мүмкіндіктері жоғары екен. Зерттеулерге мүлдем компьютер қоспайтын, қоғамдық желілерді бірнеше сағат және күні бойы отыратындар да қатысты. Нәтижелер қуантпады: ғаламторға тәуелді болғандардың басым бөлігі компьютердің алдында тамақ пен газдалған сусындармен отырады. Сондай-ақ, неге екені белгісіз, компьютер алдында бар уақытын өткізетіндердің кредиттері бойынша қарыздары және басқа да ақшалай қиындықтары көбірек. Сонымен, ғалымдар ғаламтормен тым әуестену артық салмақ жинау мен кедейлікке алып келе алады дейді, алайда адамның өзіне деген сенімділін көтеретіндігін де жасырмайды.
Сұрақтар • Мәтін не туралы? • Ғалымдардың соңғы зерттеулері не дейді? • «Қоғамдық желіге құмар жандар». Олар кімдер? • Сонымен, ғаламтор пайдалы ма, зиян ба?

Решение:

•ғаламтормен тым əуестену артық салмақ жинау мен кедейлікке алып келетіні жайлы айтуда.

 

•қоғамдық желіге құмар жандар деп мен, жалқау, мақсаты жоқ адамдар дер едім.

 

•Менің ойымша, ғаламтор зиян. бірақта оны пайдасымен пайдаланған дұрыс деп ойлаймын.