СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Музыка. Қазақтың киелі домбырасы

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Музыка. Қазақтың киелі домбырасы

Задание:

• Төмендегі жазылым тақырыптарының бірін таңдаңыз; • Көтерілген мәселе туралы ойланыңыз; • Келісу/келіспеу себептерін көрсетіп жазыңыз; • Эссенің құрылымы мен дамуын сақтаңыз.
1. «Домбырада адамдарды өзіне тартатын ерекше қасиет бар. Ол күш (энергия) жоғарғы әлемдегі (космология) ата-балалар рухынан тарайды», — деген пікірмен келісесіз бе? Себебін жазыңыз.
2. «Қазіргі жаңа технологиялар заманында домбыраға деген көзқарас өзгерді. Жастардың домбыра туралы білгісі де келмейді». Бұл туралы сіз не ойлайсыз?

Решение:

Домбыра – қазақтың ішекті, музыкалық халық аспабы. Шанағы көбінесе алмұрт пішіндес болып келеді, мойны өте ұзын, пернелермен бөлінген. Домбыра – қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. Бұл музыкалық аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді. Ежелгі Хорезм қаласының қазбаларынан археологтар екі шекті құралдарда ойнап тұрған музыканттардың терракотты бейнелерін тапқан. Ғалымдар бұның Хорезмдік аспаптардың бұдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген көшпелі сақ тайпаларының музыкалық аспабы екенін белгіленген. Бұл ежелгі екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығы көп және оның прототипі болып табылады. Осылайша, археология арқылы домбыраның ерте кезде пайда болғандығы анықталды. Домбыраның екі түрі бар — батыстық және шығыстық: Батыстық домбыра жалы жіңішке және ұзынша болып келеді. Шығыстық жуан және қысқа жалды домбыраларда мұндай техникалық әдіс қолданылмайды. Аспаптар көлемі мен қалыбының түрі дыбысталу күшіне әсер етеді: көлемі үлкен болса, дыбысталуы да сондай болады. Дыбысталу сипатына оң қол техникасының әсері бар: төкпе күйлерде дыбыс қол білезігін күшті сілку арқылы екі ішекті қағумен алынса, шертпе күйлерде дыбыс жекелеген қол саусақтарымен шектерді шерту арқылы берілген. Осылайша домбыра мен күйдің, олардың орындалуы арасында тығыз байланыс бар. Домбыра тек екі шекті ғана емес, үш шекті де болып келеді. Өткен кезеңде үш шекті домбыра Қазақстанның әртүрлі аймақтарында кездескен. Домбыраның осыған ұқсас үлгілері қазақстанның шығыс өңірінде кең тараған. Домбыра да орындалатын шығармаға байланысты, ол бірде квинтаға, бірде квартаға бұралып күйге келеді. Домбыра халқымыздың жан серігі, оның тарихын, тағдыры мен тілін, қоғамдық және рухани өнері мен салт — санасын, тұрмысы мен әдет — ғұрпын айқын көрсететін ұлттық байлығымыз. Домбыра – қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негіз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрлеріне жан бітіріп, оның құнды қалпын сақтауға негіз болғанын көреміз. Халқымыздың көшпелі тұрмыс — тіршілігінің ерекшелігіне байланысты өнеріміз ғасырлар бойы тек қана жеке орындаушылық формада дамыды. Ол әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкіндік туғызады. Аты аңызға айналған Қарт Нартай, Асан қайғы сияқты ең таңдаулы өкілдерінің есімдері біздің заманымызға да жетті. Олардың күйлері халқымыздың басынан өткерген қиын, қилы кезеңдерін бейнелеп, халық тарихы туралы сыр шертеді. «Домбыра көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі»,- деп сипаттады академик А. Жұбанов. Ол халқымыздың мұңымен қайғысын, қуанышымен күйінішін, тұрмыс — тіршілігін, арман — тілегін, батырлардың ерлігін, салт — дәстүрін, қазақтың кең сахара даласын сұлу табиғатын, тарихи аңыз күйлер арқылы суреттеген, атадан балаға, ұрпақтан — ұрпаққа осы заманымызға дейін мұра болып қалған, қазақтың киелі аспабы, қасиетті қара домбыра, десек қателеспейміз. Домбыра қазақ халқының жан сезімі, жан серігі. Сондықтан «әу» демейтін қазақ жоқ, қазақтың той думандары домбырасыз өтпейді, бір үйден домбыра үні шықса, халық тез арада жиналып тамсана тыңдап отыратын болған. Домбыра өнері яғни күй дәсүрінің өркендеуі ата — баба дәстүрінің кәсібін дамытып, әрбір баланың өнер арқылы білімге, терең ойға, өз бойындағы қабілетін шыңдауға мүмкіншілік туғызады. Ал, бүгінгі таңдағы қазақ жастарының домбыраға деген, менсінбеушіліктері қалыптасып еуропа әуеніне көп еліктеп домбыраның қоңыр үні артта қалып жатқаны деген мысалмен жеткізсек болады.