СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Музыка. Қазақтың киелі домбырасы

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Музыка. Қазақтың киелі домбырасы

Задание:

Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі ойды дамытып, жалғастырып жазыңыз. Жазылымда теңеу мен метафораны қолданыңыз.
Домбыра — бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Домбырада ойнау, домбыра үнін тыңдау — әлемдегі ең нәзік те ғажайып сезімге бөлену деген сөз. Домбыра туралы әңгіме қозғалғанда көңілде қазақы тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі тұрады. Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы ұлттың барша қасиетін түсінуге болады. Домбыра үні арқылы адам ішіндегі түрлі ойлардан тазарып, күш-қуатын жөндей алады. Домбыра аспабын меңгеру арқылы адамның ойлау қабілеті артады, мәдени ойөрісі жоғарылап, білімге, еңбек етуге деген құштарлығы арта түседі.

Решение:

Мен де осы саналы пікірлерді біле отырып , домбырада ойнауды алдыма мақсат етіп қойдым. Сондықтан домбыра аспабы туралы деректерді іздеп, зерттеп, оқып,оның қүрылысын білуді дүрыс деп таптым. Шетелде жүрген қазақтардың өзі де домбыраны сағынады екен. Жақында ғана бір ағайым шетелге іссапармен барса, алыстан бауырымыз келді, қазақтың ұлттық аспабы домбыраны тартып беріңізші деп қолқа салған екен. Ал, ағайым домбыра тарта алмайтынына қатты қиналыпты, бауырластарымыз болса, арнайы курсқа жазылып, жырақта жүрсе де өз өнерлерін тастамай үйреніп, тартып жүр екен.