СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі
НазадТөрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі
Задание:
Жазғы демалыста бауырыңмен бірге жайлаудағы/ауылдағы ата-әжеңе қыдырып бардыңыз. Ол жерде қызықты оқиғалар болды. Төмендегі суреттермен сұрақтарды қатыстырып, әңгіме құрастырыңыз. Ауызша мәтіндерде екпін түрлерін дұрыс қолданып айтыңыз.

• пойыздан қашан түстіңіз, неше сағат жүрдіңіз, пойызда немен айналыстыңыз? • жайлауда қайда тұрдыңыз? • ол жердің табиғаты, ауа райы қандай болды? • әжеңіз қандай тағамдар дайындады? • олар қайдан алынады, қалай жасалады? • қайда серуендеп бардыңыз? • қызықты оқиғаны баяндаңыз. • жайлауда қандай мал көрдің? • олардың пайдасы қандай?

Решение:
Адам өміріндегі теңдессіз, баға жетпес құндылықтарының бірі — уақыт. Өмірдің өзінің басы мен шегі бар, тумақ пен өлмек бар десек, сол екеуінің арасы — уақытпен өлшенген ғұмыр. Ғұмыр біреуге аз, біреуге көп берілетіні тағы бар. Бірақ, жазбам уақыт хақында болмақ. Уақыттың қадірін оны жоғалтқан жақсы біледі, өміріндегі ыңғайлы сәттерін қолайлы пайдалана білмей, сан рет санын соққан жақсы ұғынады. Уақыттың бағасын дұрыс анықтап, байыбын жете түсінген кешегі өткен көп ойшыл, дана, ғалым, кемеліне жеткен қанша жан ол туралы өз өсиеттерін айтып кеткен. Уақытты тиімді пайдалана білу өзгеріс-құбылысы әп сәтте-ақ түрленіп сала беретін осы заманда тіптен маңызы артқан. Өмір ағымынан қалыс қалмай, онымен бірге аяқ алып жүру үшін, карьерамыздың қамы үшін аз ұйықтап, көп шапқылауға да мәжбүрлі жайымыз бар. Өйткені «әр минут — ақша» немесе «уақыт — ол ақша» деген түсінік бар. «Уақыт — ақша» демекші, оның құны мен құндылығы, бағасы Уақыт (In Time) фильмінде жақсы айтылып, ұтымды жеткізілген. Уақыттың қадірін уақыты өтпей тұрып түсінуді нәсіп қылсын. Сосын уақыт хақында мынау тұста жақсы айтылған екен.