СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!

Задание:

Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіннің стилін анықтаңыз. Мысалдар келтіріп, ойыңызды дәлелдеңіз.
Құрметті ата мен әже!
Аташым, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Ғұмырың ұзақ болсын! Немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен бала-шағаның бағдаршамы болып жүре бер! Төрт түлігің ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын! Ақ Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, бізге берер өнегең таусылмасын! Наурыз мерекесі сізге дүниенің бар жақсылығын әкелсін! Саялы алақаныңыздан жылу кетпесін! Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз сіздерге көктем күнінің күшін әкелсін! Шаңырағымызға береке, ырыс кірсін!
Игі тілекпен, немереңіз Сәбит

Решение:

Мәтіннің стилі публицистикалық. Себебі бұл мәтін хат түрінде жазылған