СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!

Задание:

Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен күрделі сөздерді табыңыз, түрін анықтаңыз.
Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді. Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған. 1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты. Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақстан Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген атақ берді

Решение:

Күрделі сөздер

жыл санағы ,Наурыз мерекесі, жыл басы, бес мың жыл