СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!

Задание:

Төмендегі ойды жалғастырып жазыңыз. Оқшау сөздерді қолданыңыз, тыныс белгілерін ескеріңіз.
Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, жақсы тілектер айтады…

Решение:

Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.   1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты. Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақ СР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды.