СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Жастықтың оты қайдасың

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Жастықтың оты қайдасың

Задание:

Аяқталмаған тезисті аяқтауға көмектесіңіз. (Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Сиқырлы қобдишадан қағазды суырып, аяқталмаған тезисті жалғастырады).
Егер мен сиқыршы болсам, онда мен …………………………………………………. Егер адамның кемшіліктерін байқасаң, онда ……………………………………….. Мен өзімнің досымның жағымсыз істер жасап жатқанын көрсем……………. Жақсы өмір дегеніміз – бұл……………………………………………………………. Адам болу дегеніміз – бұл…………………………………………………………… Өмірдегі ең басты нәрсе – бұл …………………………………………………. Досың көп болу үшін ………………………………………………………………… Адам бақытты болу үшін………………………………………………………….. Мен сыпайы адамды кездестірген сайын……………. ………… деп ойлаймын. Мен өзімді ……………………………………..…кездерде аса бақытты сезінемін. Меніңше жақсылық пен жамандық ………………………………………………………..… Неге барлық адамдар …………………………….. болмайды екен?

Решение:

Егер мен сиқыршы болсам, мен сиқырымды тек адал істерге жұмсаушы едім. Егер адамның кемшілігін байқасам онда кешіруге тырысамын. Адам періште емес пенде. Кемшіліксіз адам жоқ. Мен өзімнің досымның жағымсыз істер істеп жатқанын көрсем, тоқтатуға тырысамын. Жақсы өмір дегеніміз мен үшін —  ата-анамның амандығы. Ата-анам аман болса мен жақсы өмір сүремін. Адам болу дегеніміз- бұл адамдық қасиеттерден айрылмау. Оқу оқып,еңбек ету. Отанды сүю. Досың көп болу үшін достарыңмен қарым- қатынасыңды дұрыста, қарапайым, кішіпейіл бол. Адам бақытты болу үшін ойлаған армандары жүзеге асу керек. Мен сыпайы адамды кездестірген сайын қандай мәдениетті адам деп ойлаймын. Мен өзімді спортта,оқуда жетістікке жеткен кездерде аса бақытты сезінемін. Меніңше жақсылық пен жамандық қатар жүреді, таңдау өзіңде.

Неге барлық адамдар қарапайым, кішіпейіл болмайды екен.