СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары

Задание:

Мәтіндерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақ дайындаңыз.
1-мәтін Әлемдегі лабороторияда жасалған тұңғыш бургер ет 2013 жылы елге таныстырылды. Құны 332 мың долларға айналған бұл бургерді Голландияның лабороториясында сиырдың өзекті жасушаларынан жасап шыққан. Зертхана мамандары тамыз айында Лондонда өткен баспасөз мәслихатында жасанды бургерді жалпыға таныстырып тұрып жеп көрсетті. Тағамның дәмін көрген екі кісінің бірі – ас-ауқат туралы жазушы публицист Джош Сконвальд «дәмі өзгешелеу» деді. Ол: «Тіске басқанда ет сияқты дәм сезіледі. Тек аздап майдың ғана дәмі жетпей тұр. Бірақ сонда да дәмі кәдімгі гамбургер» деді. Ғалымдар лабораторияда өзекті жасушалардан өсірілетін жасанды ет «жайылым мен қорға көп орын кететін, әрі жем-шөбі мен қиы климаттың күрт жылынуына сеп болып жатқан» мал шаруашылығына балама ретінде таптырмас таза экологиялық һәм қуатты тағамға айналады деп сенеді. 2-мәтін Жер бетінен жойылып кеткен жануарларды қайтадан қалпына келтіруге болады деген идея 2013 жылы тіркелді. Мамонттардың жүнінен генетикалық кодтарын оқи бастаған кейбір ғалымдар егер тірі жасушалары табылса оларды клондап шығаруға болады деп ойлайды. Ресейлік ғалымдар шамамен кем дегенде 10 мың жыл бұрын өлген ұрғашы мамонттың өте жақсы сақталған қаңқасын тауып алған соң мамыр айында мамонтты тірілтуге жақын қалдық деген. Ғалымдар мамонттың қан дақтарымен бірге сақталған қаңқасын Мұзды мұхиттағы Ляховский аралынан тауып алған еді. Семен Григорьевтің айтуынша, мамонттың қаңқасы, тіпті кейбір жерінің еті бүлінбей өте жақсы сақталған. Себебі қаңқаның төменгі жағы мәңгі мұз қабатында сіресіп қатып жатқан. Григорьев қызмет ететін Якутскідегі Федералдық Қиыр Шығыс университеті 2005 жылы бірінші рет итті клондап шығарған оңтүстік кореялық Хуанг Ву Сукпен мамонтты тірілту тәжірибесіне қатысты келісімге қол қойды.
Сұрақтар • Мәтіндер не туралы? • Қандай тақырып қоюға болады? • Қандай қызықты мәлімет бар?

Решение:

  1. Дәмі өзгешелеу әлемдегі лабороторияда жасалған тұңғыш бургер ет жайлы
  2. Заманына қарай асы
  3. Құны 332 мың долларға бағаланған