СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары

Задание:

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. Одағайларды тауып, түрлерін ажыратыңыз.
Әже Бала кезімде екеуміз жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ айтып отыратынбыз. Мен бәрін әжемнің өзінен үйреніп алып, өзіне айтатынмын. Әжем таба алмаған болып ұзақ ойланады. “Иір қобыз, жарық жұлдыз” деймін. Әжем әрнені бір айтып, жауабын бере алмайды. Мен: «Соны да білмейсің бе?» деймін. Әжем мәз болады. Содан соң: — Үйір-үйір жылқың болса, қалай шақырар едің? — дейді маған. — «Құрау-құрау!» деп шақырамын, — деймін. — Отар-отар қойың мен ешкің болса ше? — «Құрай-құрай!». Саулықтарды ұстап қосақтарға «қосақ-қосақ» дейміз. Ал ешкіге «шөрешөре» дейміз. Әжем жымиды. Өйткені бұл да — өз сөзі. Сөйтеді де, сөзімді өзі түзейді. — Қойды «құриялап» қайырады, «пұшайт-пұшайт» деп шақырады. Мақұл, табын-табын сиырың болады дейік? — «Аухау-аухау» деп! — Ал келе-келе түйең болса ше? — Келе-келе, көс-көс! Әңгіме үстінде байқаймын, әжем менің төрт түлігі түгел, бай болғанымды ұнатады.

Решение:

Көңіл-күй одағайлары:

Жекіру одағайлары:

Шақыру одағайлары: құрау-құрау; құрай-құрай; қосақ-қосақ; шөре-шөре; құриялап; пұшайт-пұшайт; аухау-аухау; келе-келе, көс-көс