СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Батыр туса – ел ырысы

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Батыр туса – ел ырысы

Задание:

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мазмұнын жұпта, топта талқылаңыз. «Қос жазба күнделігін» толтырыңыз.
Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалог (үзінді)
Сүйікті оқушым! Осы кеше ғана Бауыржанды тағы да көрдім. Қолтығына қалың папка қысып, Коммунистік проспектімен аяңдап, жоғары, Алатауға қарай өрлеп келеді екен. Оң қолындағы кавказ таяғын сүйену үшін емес, сән үшін сілтейтін тәрізді. Әскери қалыптан шыққан құрыш денесін тік ұстап, маңғаз адымдайды. Алыстан қарағанда адамдардың шынары сияқтанып көрінеді. Жанына жақындап, сәлем бердім. Әңгімелесіп, Жазушылар одағына дейін бірге келдік. Автор. Халіңіз қалай, Бауке? Бауыржан. Жақсы, қарағым. Автор. Көңіл күйіңіз? Бауыржан тротуарда тоқтай қалып, оң қолындағы таяғымен сол жақ қолтығындағы қалың папканы нұсқады. Бауыржан. Мінеки, көңіл күйі! «Солдаттың соңғы күнінің» соңғы нұсқасын аяқтап, одаққа әкеле жатырмын. Роман бітірген жазушының көңіл күйі қандай болатынын білесің ғой, қарағым! Автор. Құттықтаймын, Бауке! Бауыржан. Рақмет. Автор. Енді қандай ойларыңыз бар? Бауыржан. Мен тек солдаттардың ортасында ғана емес, ағалардың да арасында өмір сүрдім. Ойлап қарасам, оларға да шаш етектен қарыздар екенмін. Енді соларға арнап, ардагер елу азамат туралы естелік-эсселер жазып жүрмін. Олардың ішінде өзім алғаш көрген сонау Нығмет Сырғабеков, Ораз Жандосов, Қайсар Тәиггитов, одан кейінгі Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, тағы басқалары бар. Ілияс Омаров, Мәлік Ғабдуллин, Дмитрий Снегин, Күләш Байсейітова сияқты іні, қарындастарымды да ұмытпақ емеспін. Қазір соның отыз шақтысын жазып қойдым. Осы менің әзірге бітіріп жатқаным. Өзің ше? Автор. Мен міне, «Ақиқат пен аңызды» баспаға әкеле жатырмын. Бауыржан. Құтты болсын. Маған қоятын сұрақтарың жоқ па? Автор. Жоқ, Бауке. Бауыржан. Ендеше сау бол, шырағым. Мені жігіттер күтіп отыр. Автор. 14 сентябрь 1977 ж. Алматы.
«Қос жазба күнделігі»

Решение: