СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Батыр туса – ел ырысы
НазадБатыр туса – ел ырысы
Задание:
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Септеулік шылау дегеніміз не? 2.Септеуліктер сөйлемде қандай қызмет атқарады? 3.Атау септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктерді атаңыз. 4.Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктерді атаңыз. 5.Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктерді атаңыз. 6.Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктерді атаңыз.
Решение:
1) Септеулік шылаулар белгілі септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық т. б.) мән үстеп тұрады да, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады.
2) 1. Өзі шылауында жұмсалған сөзге қосымша мән үстеп, оны екінші сөзбен байланыстырып, сөз тіркесін құрайды. Мысалы, ел үшін тер төгу; үйге қарай аяңдау; туған жер жайлы толғану, Бауыржан сынды батыр, жүз қаралы жылқы, сабақтан соң келу, т.б.
2. Екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады. Мысалы, Күн бұлттанған сайын, Тілек жас төлдерін ойлай бастады.
3) атау тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер: сайын, секілді, туралы, тәрізді, сияқты, сынды, жөнінде, жайлы, шамалы, қаралы
4) Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: шейін, таман, тарта, салым, жуық, тақау, таяу, дейін.
5) Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: соң, гөрі, бері, әрі, бұрын.
6) Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: бірге, қатар, қабат.