СОР № 1 Казахский язык и литература 6 класс Қазақстан және Ұлы Жібек жолы

Назад
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Қазақстан және Ұлы Жібек жолы

Задание:

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. Сұрақ қою барысында сұраулы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.

Диалог тақырыптары 1) Ұлы Жібек жолының тарихы 2) Ұлы Жібек жолы және халықаралық мәдениет 3) Ұлы Жібек жолындағы сауда-экономикалық қатынас

Решение:

-Сәлем, Жандос

-Сәлем, Жансая

-Кешегі сабақта болмапсың, сен жоқта біз «Ұлы Жібек жолының тарихы» тақырыбында сабақ өттік. Және мұғалім сен болмаған соң сабақта өтілген мәліметтерді саған жеткізсін деген болатын.

-Ия, ауырып сабаққа бара алмай қалдым. Айта бер, құлағым сенде…

-Ұлы Жібек жолы сонау 3-4 мың жыл бұрын болған және бүгінгі таңға дейін өзінің маңыздылығын жоғалтпаған. Қытайдың Ши-ан дейтін жерінен бастау алып Таяу Шығысқа дейін жалғанып жатыр. Ұлы Жібек жолы атауын алғаш алманиялық ғалым Ф. фон Рихтһофен ұсынған екен. Ұлы Жібек жолы — адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен екен дейді

-Рақмет үлкен. Сабақта отырған сияқты мәлімет алдым… Сау бол

-Келесі кездескенше!