СОР № 1 Казахский язык и литература 6 класс Қазақстан және Ұлы Жібек жолы

Назад
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Қазақстан және Ұлы Жібек жолы

Задание:

Берілген суреттерді топта талқылаңыз. «Жер байлығы – ел байлығы» тақырыбында жазбаша мәтін құраңыз. Үндестік заңы мен орфографиялық норманы ескеріңіз.

Решение:

Қасиетті туған жердің тау тасы да, топырағы да талға біткен жасыл жапырағы да қымбат маған. Маған  қымбат оның өзен көлдері, мені жұпар ауасымен бөлеген таза саф ауа сыйлаған табиғаты. Мен осыншама бағалауға бата алмайтын, құны байлықпен өлшенбейтін жасыл белдерді, асқар тауларды сүйемін. Көңіл көкжиегімді әлдилеген асыл армандарымды туған жермен байланыстырамын. Себебі туған жер ол біздің ой өлшеміміз бойынша күнделікті басып жүрген жеріміз емес, тарихы терең отанымыздың белгісі болуы керек. Туған жер сенің ата-анаңды әлдилеген сенің мақтанышың болуы керек. Тарихтың таразысына көз жүгіртер болсақ туған жердің көтерген салмағы қандай ауыр десеңізші! Тұла бойында талай дүмпулердің болғанына қарамастан жасқа толы көлдері қанға боялғанына қарамастан ұрпақ үшін өмір сүрудің не екенін танытқан туған жер емес пе?! Тарих толқынында адамзат жер үшін соғысқан. Сол кездері майданға толы жердің де жылайтынын кім білген. Жер ана қасиетті туған жер. Ол біздің  белгісіз күшіміз. Ол біздің тылсым тарихымыз. Туған жердің  1000 жылдық тарихын зерттеп көрген адам бар ма?! Әрине жоқ! 1000 жылдық тарихты жер анадан басқа ешкім де білмейді. Байлықты көтергені былай тұрса да, тарихтың ауыр күндеріне қасқая қарсы тұрған жер ананың рухына таңғалмасқа болмайды. Байқасаңыз талай жауға қарсы тұрған батырлар жер ана топырағынан өздеріне қуат алған. Жер ана топырағын кеудесіне тосып тұмар таққан. Далада қалған талай дарабоздарды қасиетті қазақ халқы туған жеріне әкелген. Туған жер топырағын иіскеуге зар болыр кеткен боздақтар қанша ма?! Туған жер үшін соғысқа түсіп туған жер топырағы бұйырмаған қандастарымыз қанша ма?